User Guide - Windows 10

Table Of Contents
Пернелер тіркесімдерін пайдалану
Пернелер тіркесімін пайдалану:
fn пернесін басып, төменде көрсетілген белгішесі бар дұрыс функциялық пернені басыңыз.
fn пернесін және
функциялық
пернені басыңыз.
Сипаттама
Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің басқа
бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
Пернетақтаның артқы жарықтандырғышы (тек таңдаулы үлгілерде) қосады немесе өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
компьютерге монитор қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімін қайта-қайта басу экрандық суретті
компьютер және монитордың екеуінде де бірдей көрсетілу үшін компьютер дисплейінен монитор
дисплейіне ауыстырады.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты
арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат алатын басқа
құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Микрофонды үнсіздендіреді.
14 2-тарау Бөліктер