User Guide - Windows 10

Table Of Contents
4 Экранда шолу
Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады:
Тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Сенсорлық қимылдарды сенсорлы тақтада пайдаланыңыз
Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады)
Меңзегіш таяқшаны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын
пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді
басқаруға мүмкіндік береді. Әрі сенсорлы тақтаның сол және оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің
сәйкес түймешіктері сияқты пайдалануға болады. Сенсорлы экранды шарлау үшін (тек таңдаулы
өнімдерде) осы тарауда сипатталған қимылдар арқылы экранды тікелей нұқыңыз.
Қимылдарды қалауыңыз бойынша реттеуге және олардың қалай әрекет ететінін көруге болады.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз және Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдаңыз. Устройства и принтеры (Құрылғылар және
принтерлер) тізімінен Мышьінтуір) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өзге көрсетілмесе, қимылдарды сенсорлы тақтада немесе сенсорлы экранда (тек
таңдаулы өнімдерде) пайдалануға болады.
Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану 25