User Guide - Windows 10

Table Of Contents
Құпия сөз Қызмет
ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді
жоюға болмауы мүмкін.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға
қолданылады.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске
қосу кезінде орнатылады.
*Осы құпия сөздердің әрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
BIOS әкімші құпия сөзін басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS әкімші құпия сөзін орнату
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді
өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін
азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін
F10 пернесін басыңыз.
2. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Create BIOS Administrator Password (BIOS әкімшісі құпия сөзін
тағайындау) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
3. Сұралғанда, құпия сөзді теріңіз.
4. Сұралғанда, растау үшін жаңа құпия сөзді қайта теріңіз.
5. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Saveақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді
өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
44 7-тарау Қауіпсіздік