User Guide - Windows 10

Table Of Contents
5. Ескерту хабарын мұқият оқып шығыңыз.
6. Сұралғанда, пайдаланушы құпия сөзін жазып, enter пернесін басыңыз.
7. Сұралғанда, растау үшін пайдаланушы құпия сөзін қайта жазып, enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Енгізілген өзгертулер бірден күшіне енеді.
8. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап
шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін басыңыз.
DriveLock құралын ажырату
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға
шыққанда f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен
бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз.
2. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын,
DriveLock опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
3. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Disable DriveLock (DriveLock құралын ажырату) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
5. Сұралғанда, басты құпия сөзді немесе пайдаланушы құпия сөзін жазып, enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Енгізілген өзгертулер бірден күшіне енеді.
6. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап
шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін басыңыз.
DriveLock құпия сөзін енгізу
Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы
MultiBay құралына емес).
DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпия сөзіңізді (құпия
сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
Құпия сөзін енгізудің үш сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті
қайталаңыз.
48 7-тарау Қауіпсіздік