User Guide - Windows 10

Table Of Contents
DriveLock құралының пайдаланушы немесе басты құпия сөзін өзгерту
Computer Setup утилитасында DriveLock құралының пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия
сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Питание (Қуат) түймешігін басыңыз.
3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп
жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін
басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын,
DriveLock опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
5. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Құпия сөзді өзгертіңіз.
Пайдаланушы құпия сөзін өзгерту үшін:
Change DriveLock User Password (DriveLock құралының пайдаланушы құпия сөзін
өзгерту) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Басты құпия сөзді өзгерту үшін:
Change DriveLock Master Password (DriveLock құралының басты құпия сөзін өзгерту)
опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Change DriveLock Master Password (DriveLock құралының басты құпия сөзін өзгерту)
опциясы DriveLock құралының құпия сөзін енгізу сұралғанда (2-қадамда) басты құпия сөз
енгізілген болса көрінеді.
7. Ескерту хабарын мұқият оқып шығыңыз.
8. Сұралғанда, жаңа пайдаланушы құпия сөзін жазып, eнгізупернесін басыңыз.
9. Сұралғанда жаңа құпия сөзді қайта жазып растаңыз және енгізу пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Енгізілген өзгертулер бірден күшіне енеді.
10. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап
шығу) опциясын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер
вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе
олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін
вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP
Support Assistant бағдарламасын ашу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка
(қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану 49