User Guide - Windows 10
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Бөліктер
- Желі қосылымдары
- Сымсыз желіге қосылу
- Сымды желіге қосылу
- Экранда шолу
- Ойын-сауық мүмкіндіктері
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Қауіпсіздік
- Компьютерді қорғау
- Құпия сөздерді пайдалану
- Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
- Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
- Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
- HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
- Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы өнімдерде)
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Қолжетімділік
- Индекс

8 Күтім
Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды
болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын
пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе
оны тасымалдауға
) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
Компьютер жұмысын жақсарту
Жүйелі түрде қызмет көрсету тапсырмаларын Дефрагментация диска (Дискіні дефрагментациялау)
және Очистка диска (Дискіні тазалау) сияқты құралдар көмегімен орындау арқылы компьютердің
жұмысын өзгертуге болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
HP компаниясы қатты дискіңізді кем дегенде айына бір рет дефрагментациялау үшін Дефрагментация
диска (Дискіні дефрагментациялау) құралын пайдалануды ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету қажет
емес.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында дефрагментация (дефрагментациялау) сөзін
жазып
, Дефрагментация и оптимизация ваших дисков (Дискілерді дефрагментациялау және
оңтайландыру) бағдарламасын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру және қатты дискіден еш
қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табу үшін Очистка диска (Дискіні тазалау) құралын
пайдаланыңыз.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диск сөзін жазып, одан кейін Освобождение места
на диске за счет удаления ненужных файлов (Қажетсіз файлдарды жою арқылы дискіде орын
босату) немесе Удаление приложений для освобождения места на диске (Дискідегі орынды
босату үшін бағдарламаларды жойыңыз) пәрменін таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютер жұмысын жақсарту 53