User Guide - Windows 8.1
15 Қолжетімділік
HP компаниясы әркім, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар тарапынан, не жеке не сәйкес
көмекші құрылғылар арқылы пайдаланыла алатын өнімдерді құрады, өндіреді және сатады.
Қолдау көрсетілетін сыналды технологиялары
HP өнімдері амалдық жүйенің сыналды технологияларының алуан түрлеріне қолдау көрсетеді және
HP өнімдерін қосымша сыналды технологияларымен бірге жұмыс істеу үшін конфигурациялауға
болады. Сыналды мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғының Іздеу мүмкіндігін
қолданыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір сыналды технологиясы бар өнім туралы қосымша ақпаратты алу үшін сол
өнімге арналған тұтынушыларды қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Қолдау қызметіне хабарласу
Біз өнімдеріміз бен қызметтерімізді жүйелі түрде жақсартып, пайдаланушыларымыздың пікірлерін
қабылдауға дайынбыз. Өнімге қатысты мәселелер болса немесе сізге көмектескен арнайы
мүмкіндіктер туралы айтқыңыз келсе, дүйсенбі мен жұма аралығында, қысқы уақыт аймағындағы
таңертеңгі сағат 6-дан кешкі сағат 9-ға дейн +1 (888) 259-5707 телефоны арқылы бізбен
хабарласыңыз. Егер саңырау болып немесе құлағыңыз нашар естіп, TRS/VRS/WebCapTel құрылғысын
қолданып, техникалық қолдау қажет болса немесе қол жетімділік бойынша сұрақтарыңыз болса,
дүйсенбі мен жұма аралығында, қысқы уақыт аймағындағы таңертеңгі сағат 6-дан кешкі сағат 9-ға
дейн +1 (877) 656-7058 телефоны арқылы бізбен хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қолдау қызметі ағылшынша ғана көрсетіледі.
Қолдау көрсетілетін сыналды технологиялары 91