User Guide - Windows 8.1
8. SIM картасын SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, қызмет көрсетуге
арналған ұяның ішіндегі суретті қараңыз.
9. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салыңыз.
10. Батареяны орнына салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді.
11. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
12. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
13. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
HP Мобильді байланысын қолдану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Мобильді байланысы - компьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты
байланыс ұсынатын қызмет. HP Mobile Connect қызметін пайдалану үшін компьютеріңізде SIM картасы
және HP Mobile Connect қызметі бағдарламасы болуы тиіс. HP Moбильді байланысы туралы
толығырақ ақпаратты және сатып алу мүмкіндікерін көру үшін http://www.hp.com/go/mobileconnect
вебторабына өтіңіз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері
орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған
жүйелерге жібереді.
20 3-тарау Желіге қосылу