User Guide - Windows 8.1

VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы
VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады.
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей
жалғаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранынан
панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару
тақтасы) пәрменін таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) пәрменін
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу)
параметрін таңдаңыз.
HDMI
HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты видео немесе дыбыстық
құрылғыларға немесе кез-келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құрылғыларға жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі
(бөлек сатылады) керек болады.
Компьютердің HDMI портына бір ғана HDMI құрылғысын жалғауға болады. Компьютер экранындағы
ақпарат бір мезгілде HDMI құрылғысында да көрсетіледі.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін:
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
Бейне 35