User Guide - Windows 8.1

Батареяны салу және шығарып алу
Батареяны салу
Батареяны салу үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батареяның ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батарея ұясына батареяны (1) салыңыз.
3. Батарея нық отырғанша оны төмен қарай бұрыңыз (2), одан кейін орнында бекіту үшін,
батареяны бекіту ысырмасын (3) сырғытыңыз.
Батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың
жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас
бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батареяның ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін
батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
Қуат параметрлерін орнату 43