User Guide - Windows 8.1
Intel Smart Response Technology (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® Smart Response технологиясы (SRT) — компьютер жүйесінің жұмысын елеулі түрде жақсартатын
Intel® Rapid Storage технологиясы (RST) кэштеу мүмкіндігі. SRT мүмкіндігі SSD mSATA модулі бар
компьютерлерді жүйе жады мен қатты диск жетегі арасындағы кэш жады рәтінде пайдалануға
мүмкіндік береді. Бұл бір уақытта SSD жақсартылған жүйе жұмысының тәжірибесін қамтамасыз ете
отырып, ең үлкен сақтау сыйымдылығы үшін қатты диск жетегін (немесе RAID көлемі) иемдену
артықшылығын береді.
Қатты дискіні қоссаңыз не жаңартсаңыз және RAID көлемін орнатуды көздесеңіз, SRT мүмкіндігін
уақытша ажыратып, RAID көлемін орнатуыңыз керек, одан кейін SRT мүмкіндігін қосыңыз. SRT
мүмкіндігін уақытша ажырату үшін:
1. Бастау экранында Intel сөзін теріңіз, одан кейін Intel Rapid Storage Technology (Intel Rapid
Storage
технологиясы) пәрменін таңдаңыз.
2. Acceleration (Жылдамдату) сілтемесін таңдап, Disable Acceleration (Жылдамдату режимін өшіру)
сілтемесін басыңыз.
3. Аяқтау үшін Жылдамдату режимін күтіңіз.
4. Reset to Available (Қолда бар параметрді орнату) сілтемесін таңдаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: RAID режимдерін ауыстыру кезінде SRT мүмкіндігін уақытша ажыратуыңыз
керек. Өзгертуді жасап, SRT мүмкіндігін қайта қосыңыз. Бұл мүмкіндікті уақытша ажыратпау RAID
көлемдерін жасау не өзгерту үшін кедергі келтіреді.
ЕСКЕРТПЕ: HP өзіндік шифрлау дискілері (SED) бар SRT мүмкіндігін қолдамайды.
Қызмет көрсету үшін ашатын есіктерді алу немесе орнына салу
Қызмет көрсету үшін ашатын есіктерді шешу
Жад модулі ұясы, қатты диск пен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсету үшін ашатын есіктерді
алыңыз.
1. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны шығарып алу (43-бет) бөлімін қараңыз).
2. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті босату үшін батарея ұясын өзіңізден қаратып, қызмет көрсету
үшін ашатын үлкен есіктің бұрандасын (1) бұрап босатыңыз.
3. Қызмет көрсету үшін ашатын үлкен есікті компьютердің алдыңғы жағына қарай сырғытып (2),
оны шешіңіз.
4. Қызмет көрсету үшін ашатын кіші есікті ашу үшін, қызмет көрсету үшін ашатын есік ысырмасын
(3) бұрап босатыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 53