User Guide - Windows 8.1

4. Қызмет көрсету үшін ашатын үлкен есікті бекіту үшін оның бұрандасын (4) бұрап қатайтыңыз.
5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (43-бет) қараңыз).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мәліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармас бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы
тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны шығарып алу (43-бет) бөлімін қараңыз).
5. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз (Қызмет көрсету үшін ашатын есіктерді шешу (53-бет)
бөлімін қараңыз).
6. Қатты дискідегі 4 бұранданы бұрап босатыңыз (1). Қатты дискіні ажырату үшін, қатты дискінің
тілін (2) компьютердің бүйіріне қарай тартыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 55