User Guide - Windows 8.1
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы
ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу (86-бет)
бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. BIOS
2. Диагностикалау құралы ашылғанда, пернетақтадағы көрсеткі пернелердің көмегімен
орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын
тілінде ғана беріледі.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі жолы бар:
UEFI ең соңғы нұсқасын жүктеп алу:
1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті
көрсетіледі.
2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау)
пәрменін таңдаңыз.
Белгілі бір өнім үшін UEFI кез келген нұсқасын жүктеп алу:
1. http://www.hp.com/support веб-торабына кіріп, еліңізді таңдаңыз. HP қолдау терезесі ашылады.
2. Драйверы и материалы для загрузки (Драйверлер және жүктеу үшін материалдар) тармағын
таңдаңыз.
3. Өнім атауын мәтін өрісіне енгізіп, Перейти (Өту) түймешігін басыңыз.
– немесе –
Өнімді автоматты түрде анықтау үшін, Найти сейчас (Қазір табу) пәрменін таңдаңыз.
4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз.
5. Diagnostic (Диагностика) бөлімінде қажетті UEFI нұсқасын таңдау және жүктеп алу үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
86 12-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)