Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу .................................................................................................................................. 4 Оң жағы ..........................
Сенсорлы тақтаны және қимылдарды пайдалану .......................................................... 21 Сенсорлы тақтаны өшіру және қосу ................................................................ 22 Түрту ................................................................................................................. 22 Жылжу .............................................................................................................. 22 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау ...........................
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту .................................................. 38 Төмен батарея деңгейлерін басқару .............................................................. 38 Төмен батарея деңгейлерін анықтау ............................................. 38 Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу ....................................... 39 Батареяны салу және шығарып алу ................................................................ 39 Батареяны салу ........................................
Дискіні тазалау құралын пайдалану ............................................................... 56 HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) .................... 56 HP 3D DriveGuard күйін анықтау .................................................................... 57 9 Қауіпсіздік .................................................................................................................................................... 58 Компьютерді қорғау .................................
Сақтық көшірмені сәтті жасауға арналған кеңестер ..................................... 74 Мынаны білгеніңіз жөн .................................................................................... 74 Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау ................................................................... 75 Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру ...............................................................................
Мәселелерді шешу ............................................................................................................................ 89 Компьютер қосылмайды .................................................................................................. 89 Компьютердің экраны бос ............................................................................................... 89 Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр ...........................................................
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (15-бет) бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Ақпаратты табу Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Толық өнім ақпаратын, орындау әрекеттерін және қосымша ақпаратты қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде/аймақтарда НР компаниясы басылған НР шектеулі кепілдігін қорапта ұсынады. Кепілдік басылған пішінде ұсынылмаған елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.
2 Компьютермен танысу Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютерде қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылады.
Бөлік Сипаттама АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) Айнымалы ток адаптері/Батарея шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері сыртқы қуат көзіне қосылған және батарея толық зарядталған. ● Сары: айнымалы ток адаптері сыртқы қуат көзіне қосылған және батарея зарядталуда. ● Өшірулі: айнымалы ток адаптері сыртқы ток көзіне қосылмаған. (3) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады. (2) Веб-камера шамы (тек таңдаулы модельдерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда. (3) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады және суреттерге түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі.
Үстіңгі жағы Сенсорлы тақта Бөлік 8 Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады және сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады және экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдегі сол жақ түймешік қызметін атқарады. (4) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдегі оң жақ түймешік қызметін атқарады.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютерде қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылады.
Бөлік (4) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows® амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. (5) Сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: Сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. (6) 10 Сипаттама Caps lock шамы 2-тарау Компьютермен танысу Қосулы: пернелердің барлығын бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған.
Түймешіктер, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз. ● Компьютер ұйқылық күйде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама (2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (3) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. Пернелер Бөлік 12 Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі esc пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (3) Windows түймешігі Windows Пуск (Бастау) мәзірін көрсетеді.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батареяның қақпағын ашу ысырмасы және құлып Батарея қақпағын батарея орнынан босатады. (2) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (3) Пернетақта бұрандасы Пернетақтаны алып тастауға мүмкіндік береді. (4) Жадқа кіру үшін ашатын қақпақ Пернетақта бұрандасына және жад модулі ұяларына қатынасты қамтамасыз етеді. (5) Желдеткіш саңылаулары (4) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (6) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (7) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск ұясына, сымсыз LAN (WLAN) және жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы және бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
WLAN құрылғысын қолдану WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден және қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады. ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз жол жоспарлағышы және сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде қолданылады.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату және Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) және Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады. ● Сымсыз шифрлауды қолданыңыз. Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау және шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
● Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера) ● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер) ● Тінтуір Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) және модем арқылы қосу.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы әрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Сенсорлы тақтаны өшіру және қосу Сенсорлы тақтаны өшіру және қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада Түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Таңдау үшін сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет әрекет.
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылы суреттерді немесе мәтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. 2 саусақпен басу 2 саусақпен басу қимылы экрандық нысан үшін мәзір пәрмендерін таңдауға мүмкіндік береді.
● Таңдалған нысан үшін мәзір пәрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып басыңыз. Пернетақтаны пайдалану Пернетақта және тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге және бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пернетақта әрекеттер пернелері мен жылдам пернелердің арнайы функцияларын орындауға мүмкіндік береді.
Әрекет пернелерін пайдалану Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. f1 мен f4 және f6 мен f12 пернелеріндегі әр белгіше сол пернеге тағайындалған функцияларды сипаттайды. Әрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз. ЕСКЕРТУ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде сақ болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Әрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында ажыратуға болады.
Белгіше Перне Сипаттама f11 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді ойнатады. f12 Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады. ЕСКЕРТПЕ: Бұл перне сымсыз қосылысты орнатпайды. Сымсыз қосылысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет. Пернетақталарды пайдалану Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға болады.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. (2) Кірістірілген сандық пернетақта num lock пернесі қосылғанда, оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады. Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе өшірулі болуына байланысты әртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіш(тер) ● Кірістірілген үндеткіш(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа әрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа әреке
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: болады.
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз. Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады. Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі. 1. VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына қосыңыз. 2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
HDMI HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі (бөлек сатылады) керек болады. Бір HDMI құрылғысын компьютердің HDMI портына жалғауға болады. Компьютер экранындағы ақпаратты HDMI құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады.
Дыбысты HDMI көмегімен реттеу HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, әдепкі аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз: 1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Күйін қосу және одан шығу Жүйе зауытта не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса батареяның заряды тым төмен деңгейге жеткенде күту күйіне қосылатын етіп орнатылған. Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасында өзгертуге болады. Күту күйін қосу үшін ▲ Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Гибернация (Күту) пәрменін таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5.
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат көзіне жалғануы тиіс. 2. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) > Неполадки питания, температурные и механические неполадки (Қуат, жылу және механикалық ақаулықтар) тармағын таңдаңыз. 3. Питание (Қуат) қойыншасын ашып, одан кейін Проверка батареи (Батареяны тексеру) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат өлшегіш пен қуат параметрлерін пайдалану (36-бет) бөлімін қараңыз. Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа қосылады да, компьютер өшіріледі. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны шығару үшін батареяны босату ысырмасын (1) және батареяның құлпын (2) ішкі жағына қарай сырғытыңыз. 3. Батареяны компьютерден (3) шығарып алыңыз. Батарея қуатын үнемдеу ● Windows жүйесінің Панель управления (Басқару тақтасындағы) Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) параметрі арқылы төмен қуат деңгейін пайдалану параметрлерін таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз, бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз. Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулері бөлімінен қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Жад карталарын оқу құралын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға және оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар әдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде және басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу (4-бет) бөлімін қараңыз.
Жад картасын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында жад картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Мәліметтеріңізді сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан жабдықты шығару белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің әлсіз бөліктері және оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Дискіні құлатуға, оның үстіне зат қоюға, сұйықтық тигізуге немесе шектік мәндердегі температураларға не ылғалдық жағдайларына төндіруге болмайды. Дискілермен жұмыс істегенде, мына сақтық шараларын қадағалаңыз. ● Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз.
Intel Smart Response Technology (тек таңдаулы үлгілерде) Intel® Smart Response технологиясы (SRT) — компьютер жүйесінің жұмысын елеулі түрде жақсартатын Intel® Rapid Storage технологиясы (RST) кэштеу мүмкіндігі. SRT мүмкіндігі SSD mSATA модулі бар компьютерлерді жүйе жады мен қатты диск жетегі арасындағы кэш жады рәтінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою Қызмет көрсетуге арналған есікті алу Қатты дискіге және басқа бөліктерге кіру үшін қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз. 1. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу және шығарып алу (39-бет) бөлімін қараңыз). 2. Батарея орнын өзіңізден қаратып, бұранданы алып (1), қызмет көрсету үшін ашатын есікті жоғарыға тартып (2), шешіңіз (3).
3. Бұранданы салып бұрап қатайтыңыз (3). 4. Батареяны салыңыз (Батареяны салу және шығарып алу (39-бет) қараңыз). Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мәліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз.
52 5. Батарея орнын өзіңізден қаратып, бұранданы алып (1), қызмет көрсету үшін ашатын есікті жоғарыға тартып (2), шешіңіз (3). 6. Қатты дискіні ажырату үшін, қосқышты (1) жоғарыға көтеріңіз. Қатты дискінің кабелін алу үшін пластмассалық ілгегінен тартып (2), қатты дискті орнынан көтеріп шығарыңыз (3).
Қатты дискіні орнату ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. Қатты дискіні орнату үшін: 1. Қатты дискінің кабелін қайта жалғау үшін қатты дискті диск орнына салып (1), пластмассалық ілгегінен тартыңыз (2). Қатты дискті қайта қосу үшін қосқышты басыңыз (3). 2. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою (50-бет) бөлімін қараңыз). 3.
1. Жұмысыңызды сақтаңыз. 2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз. 3. Компьютерге жалғанған сыртқы аппараттық құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 5. Жаңартуға арналған орынды өзіңізге қаратып, компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз. 6. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу және шығарып алу (39-бет) бөлімін қараңыз). 7. Жаңартуға арналған орынның бұрандасын (1) босатыңыз. 8.
2. Жаңартуға арналған орынның бұрандасын (2) бекітіңіз. 3. Батареяны салыңыз (Батареяны салу және шығарып алу (39-бет) қараңыз). 4. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын және сыртқы құрылғыларды оған қайта қосыңыз. 5. Компьютерді қосыңыз. Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу үшін: 1. Компьютерді айнамалы ток көзіне қосыңыз. 2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Аксессуары (Керек-жарақтар) > Служебные (Жүйелік құралдар) > Дефрагментация дисков (Дискіні дефрагментациялау) тармақтарын таңдаңыз. 3. Дефрагментация диска (Диск дефрагментациясы) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы және (немесе) қосымша қатты диск ұясындағы (тек таңдаулы үлгілерде) дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын көрсету үшін түсті өзгертеді. Дискінің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын анықтау үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы немесе Мобильділік орталығындағы белгішені басыңыз.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты әрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Computer Setup және Windows қауіпсіздік мүмкіндіктері үшін бір құпия сөзді пайдалануға болады. Бірнеше Computer Setup мүмкіндігіне де бір құпия сөзді қолдануға болады. Құпия сөздерді жасау және сақтау үшін келесі кеңестерді орындаңыз. ● Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз. ● Бірнеше бағдарламалар немесе веб-тораптар үшін бір құпия сөзді пайдаланбаңыз және кез келген басқа бағдарлама немесе веб-торап үшін Windows құпия сөзін қайта пайдаланбаңыз.
Computer Setup құралындағы әкімші құпия сөзін басқару* Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: Жаңа әкімші құпия сөзін орнату 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
Әкімші құпия сөзін жою 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Security (Қауіпсіздік)> Administrator Password (Әкімші құпия сөзі) тармағын таңдау үшін көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
Computer Setup құралындағы әкімші құпия сөзін енгізу* Administrator password (Әкімші құпия сөзін) енгізу сұралғанда, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Әкімші құпия сөзін енгізудің 3 сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, әрекетті қайта орындау қажет. Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану Компьютерді электрондық пошта, желі немесе Интернет бетін ашу үшін пайдаланғанда оған вирустар ену қаупі төнеді.
Амалдық жүйе үшін жаңартулар және басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан жіберілгеннен кейін қол жетімді болуы мүмкін. Компьютерге қол жетімді барлық жаңартулардың орнатылғанын тексеру үшін, осы нұсқауларды орындаңыз. 1. Компьютерді орнатқаннан кейін мүмкіндігінше тез Windows Update (Windows жаңарту) бағдарламасын іске қосыңыз. 2. Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз. 3.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір сенсор: ● Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында ● Пернетақтаның оң жағында ● Дисплейдің оң жақ жоғарғы бұрышында ● Дисплейдің сол жағында Компьютердің үлгісіне байланысты оқу құрылғысы көлденең немесе ұзыннан бағытталуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап етеді.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін қосу немесе ауыстыру алдында, BIOS нұсқасының компьютерге жақын арада орнатылғанын тексеріңіз және қажет болса BIOS бағдарламасын жаңартыңыз. BIOS нұсқасын жаңарту (79-бет) бөлімін қараңыз.
5. Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз: а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1). Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
ә. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
б. Жад модулінің сол және оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: 7. 68 Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. Жад орналасқан қызмет көрсету үшін ашатын қақпақты орнына салыңыз. а. Жад орналасқан қызмет көрсету үшін ашатын қақпақтың сол жиегін компьютер ұясымен сәйкестендіру үшін, батарея ұясын өзіңізден қаратып, жад орналасқан қызмет көрсету үшін ашатын қақпақты (1) төмен қарай еңкейтіңіз.
8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (39-бет) қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10. Компьютерді қосыңыз. Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде).
Тазалау іс рәсімдері Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз. ● Компьютерді өшіріңіз. ● Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. ● Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мәселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Технологиялар әрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға және қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін амалдық жүйе және HP компаниясы ұсынған құралдар бар. Сақтық көшірмелер жасау 1. Компьютер параметрлерін орнатқаннан кейін бірден HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып қалпына келтіру дискілерін жасаңыз. 2. Аппараттық құрал және бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. 3.
● Қалпына келтіру дискілерін компьютерден бөлек, қауіпсіз жерде сақтаңыз. ● Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager бағдарламалық құралын келесі ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру ұсынылатын болады. Қалпына келтіру дискілерін жасау 1. Пуск (Бастау) тармағын таңдаңыз да, іздеу жолағына қалпына келтіру деп теріңіз. Тізімнің ішінен Recovery Manager тармағын таңдаңыз. Сұралған жағдайда, әрекетті жалғастырыңыз.
3. Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз. 4. Создать (Жасау) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бастапқы қалпына келтіру жасау үшін, Алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару (75-бет) бөлімін қараңыз. Жүйенің және жеке ақпараттың сақтық көшірмелерін жасау Компьютерде файлдар, электрондық хаттар, фотосуреттер сияқты маңызды ақпараттар сақталады және оларды компьютерге вирус кіргенде немесе жүйе жұмысында ақаулық пайда болғанда сақтау керек болады.
◦ жеке ақпараттың соңғы көшірмесі болуы үшін, жоспар бойынша жүйелі түрде; ◦ көп файлдар қосқаннан кейін, мысалы туылған күн кешіндегі бейнелерді сақтаған болсаңыз; ◦ зиянды бағдарламаны жою үшін вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдаланудың алдында; ◦ суреттер, бейнелер, музыка, жоба файлдары немесе деректер жазбалары сияқты қалпына келтіру қиын болатын ақпаратты қосқаннан кейін; Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау Windows жүйесі Windows
Арнайы файлдарын қалпына келтіру Егер файлдар байқаусызда жойылған және оларды «Recycle Bin» (қоқыс кәрзеңкесі) ішінен қалпына келтіру мүмкін болмаса немесе файлдар зақымданса, арнайы файлдарды қалпына келтіру функциясын қолдануға болады. Арнайы файлдарды қалпына келтіру функциясы бұрын бастапқы жүйені HP Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру таңдалған болса пайдалы болады. Бұрын сақтық көшірмесі жасалған тек арнайы файлдарды қалпына келтіре аласыз.
HP Recovery бөлімінің көмегімен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) HP қалпына келтіру бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын пайдаланбастан жүйені бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз. 2. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу үшін f9 пернесін басыңыз. 3. Жүктелу параметрлері терезесінен Internal CD/DVD ROM Drive (Ішкі CD/DVD диск жетегі) тармағын таңдаңыз. Қалпына келтіру флэш-жадының жүктелу тәртібін өзгерту үшін, мына әрекеттерді орындаңыз: 78 1. Флэш-жадты USB портына жалғаңыз. 2. Компьютерді қайта іске қосыңыз. 3.
12 Setup Utility (BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз. 5. Diagnostic (Диагностикалық) бөлімде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау ортасы) пәрменін таңдаңыз. – немесе – Download (Жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама және қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея орнында немесе қызмет көрсету үшін ашылатын есіктің астында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсацияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Ең жоғары биіктік (герметизацияланбаған) 86 Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15
15 Арнайы мүмкіндіктер HP компаниясы мүмкіндіктері шектелген адамдарды қоса кез келген пайдаланушы арқылы тұрақты түрде немесе көмекші құрылғы көмегімен қолданыла алатын өнімдер мен қызметтерді жасайды, шығарады және рынокта сатады.
а Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір кеңестерін осы жерден табасыз. ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден жад карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
ә Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін және қосымша ақпаратты Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) орталығынан табыңыз. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру және жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін. Осы және басқа қуат параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор (Батарея) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) пәрменін таңдаңыз.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі әрекеттерді орындаңыз. ● Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз. ● Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғының, әсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз. ● Дұрыс және жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз.
◦ Мультимедиа бағдарламасының ойнату терезесі ашылуы мүмкін. Дискіні ойнатуға қайту үшін, дискіні қайта бастауға мультимедиа бағдарламасында Воспроизвести (Ойнату) түймешігін басыңыз. Кейбір жағдайларда бағдарламадан шығып, оны қайта бастауыңыз қажет. Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 32 айнымалы ток адаптері, тексеру 43 Айнымалы ток адаптері/батарея шамы 6 айнымалы ток адаптерін тексеру 43 ақаулықтарды жою дискіге жазу 92 дискіні ойнату 91 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 92 арнайы мүмкіндіктер 87 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 4 аудио функциялар, тексеру 29 аудио функцияларды тексеру 29 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 4 Ә әкімші құпия сөзі 59 әрекеттер пернелері алдыңғы жол немесе бөлім 25 Анықтама және қолдау 25 анықтау 12 д
сымсыз куәлік 84 техникалық 84 жауап қайтармайтын жүйе 34 жаңартуға арналған орын оптикалық диск жетегін ауыстыру 53 желдеткіштер, анықтау 6, 13 желіаралық қалған бағдарламасы 62 желі ұясы, анықтау 6 жойылған файлдар қалпына келтіру 76 жұмыс ортасы 86 жүйені қалпына келтіру 76 жүйені қалпына келтіру нүктелері 73 жасау 73 жүктеу реті өзгерту 77 И Интернет байланысын орнатқыш 18 К кабельдер USB 46 компьютер, сапарға шығу 40, 88 компьютерді қорғау 69 компьютерді өшіру 34 компьютерді сапарға алып шығу 40, 84, 8
VGA 31 сыртқы монитор 6, 31 С сақтық көшірмелер 72 саусақ іздері, тіркеу 64 саусақ ізін оқу құрылғысы 63 саусақ ізін тану құрылғысы, анықтау 12 Сенсорлы тақта түймешіктер 8 сенсорлы тақта пайдалану 21 Сенсорлы тақта аймағы анықтау 8 Сенсорлы тақта қимылдары 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау 23 2 саусақпен басу 23 жылжу 22 пайдалану 21 Сенсорлы тақтаның 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылы 23 Сенсорлы тақтаның 2 саусақпен басу қимылы 23 сенсорлы тақтаның жылжу қимылы 22 Сенсорлы тақтаның шамы, анық
N num lock, сыртқы пернетақта 27 num lock пернесі, анықтау 26 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 6 RJ-45 (желі) шамы, анықтау 6 U USB 3.