Equipment reference manual

3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан алып, жерге орналастырыңыз.
6. Алынбалы панельді ұстап көтеріңіз (1), кейін алынбалы панельді компьютерден көтеріңіз
(2).
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру
Алынбалы панельдің алдыңғы шетін шассидің алдыңғы шетінің (1) астына сырғытыңыз, одан
кейін алынбалы панельдің артқы шетін құрылғыға (2) басыңыз да, бұрандасын (3) мықтап
бұраңыз.
Алдыңғы жапқышын алу
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру
5