Equipment reference manual

3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан алып, жерге орналастырыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. Жапқыштың (1) бүйіріндегі тартқышты көтеріп, шассидің (2) жапқышын айналдырыңыз.
Бітеуіш жапқыштарды алу
Кейбір үлгілерде 3,5 дюймдік жəне жұқа оптикалық дискіні жабатын жапқыштар болады,
оларды дискіні орнатқанға дейін алып тастау керек. Бітеуіш жапқышты алу үшін:
1. Алынбалы панель мен алдыңғы жапқышты алыңыз.
6
2-тарау Құрылғы жаңартулары