Equipment reference manual
●
Егер DIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс
істейді.
●
Егер А арнасындағы DIMM құралдар жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM
құралдар жадының толық сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау
режимінде жұмыс
істейді. Мысалы, егер А арнасы екі 1-GB DIMM құралдарымен
толтырылса жəне В 2-GB DIMM біреуімен толтырылса, жүйе қос арналы күйде қызмет
атқарады.
●
Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының
толық сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс
істейді. Икемді
жүйесінде ең аз жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін
жəне жалғыз арнаға тағайындалған қалдықты сипаттайды. Оңтайлы жылдамдық үішн,
арналар жадтың үлкен көлемінің екі арналар араларында таралатындай тең
естірілуі
қажет. Егер бір арнаның жады басқасынан қарағанда артық болса, үлкендеу мөлшері А
арнасына тағайындалуы тиіс. Мысалы, егер сіз ұяшықтарды бір 2-GB DIMM құралымен
жəне үш 1-GB DIMM құралдарымен толтырып жатсаңыз, А арнасы 2-GB DIMM жəне бір 1-
GB DIMM құралымен жəне В басқа
екі 1-GB DIMM құралдарымен толтырылуы қажет. Осы
конфигурациясының негізінде, 4-Гб қос арна ретінде жəне 1-Гб жалғыз арна ретінде іске
қосылуы қажет.
●
Барлық режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу DIMM арқылы
анықталады.
DIMM құралдарын орнату
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін шамамен
30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер
қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына əрқашан жабды
қталып
тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нəтижесінде жад модульдарына
немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты
жаңартқанда үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нəтижесінде пайда
болатын
тотығу жəне/немесе қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад
модульдарын қолдану маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық құрамдас бөлшектерін немесе қосымша
карталарды зақымдауы мүмкін. Бұл іс рəсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған
темір затты
ұстап қалып статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Толығырақ ақпарат үшін,
Электр статикалық разряд (44-бет) бөлімін қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге
зақым келуі мүмкін.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды ө
шіріңіз.
Қосымша жад орнату
11










