Equipment reference manual

Диск қуысында дұрыс қатар түзеуі үшін жəне дұрыс орналасуы үшін бекіту бұрандасын
орнатуыңыз қажет. HP компаниясы диск саңылауының жоғары жағына қосымша төрт 6-32
стандартты бекіту бұрандасын жабдықтаған. 6-32 стандартты бекіту бұрандалары жад
картасын оқу құралы
жəне 3,5 дюймдік қосымша диск саңылауына орнатылған қосымша
диск үшін қажет. 2,5 дюймдік қатты дискілерге арналған изоляциялық M3 орнату
бұрандалары берілмеген. Дискіні алған кезде ескі дискінің бекіту бұрандаларын алып,
жаңа дискіге салыңыз.
Қосымша күміс 6-32 стандартты бұрандалардың барлық саны бесеу. Біреуі жапқыш қауіпсіздігі
үшін қолданылады (1) (қосымша ақпарат үшін
Алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі (38-бет) бөлімін
қараңыз). Басқа төрт бекіту бұранда жад картасын оқу құралы жəне 3,5 дюймдік қосымша диск
саңылауына орнатылған қосымша диск үшін қажет (2).
ЕСКЕРТУ: Жұмысты жоғалтып алудың жəне компьютер немесе драйвтың бүлінуін болдырмау
үшін:
Егер драйвты салсаңыз немесе алсаңыз, жұмыс жүйесін дұрыстап өшіріңіз, компьютерді
өшіріңіз жəне қуат сымын ажыратыңыз. Компьютер қосылып тұрғанда немесе күту режимінде
т
ұрғанда драйвты қозғамаңыз.
Драйвпен жұмыс істер алдында статикалық тоқтан аулақ екеніңізді тексеріңіз. Драйвпен жұмыс
кезінде қосқышты қозғамаңыз. Электростатикалық бүлінулер туралы қосымша ақпаратты
Электр статикалық разряд (44-бет) бөлімінен қараңыз.
Драйвты абайлап ұстаңыз; түсіріп алмаңыз.
Драйвты енгізгенде шамадан артық күш қолданбаңыз.
Қатты драйвты сұйықтан, суық немесе ыстық температурадан, монитор немесе спикер сияқты
магниттік өрісі бар заттардан қашық ұстаңыз.
Егер драйвты поштамен
жіберу қажет болса, драйвты орамға немесе басқа қорғайтын орамға
салып, сыртына мынандай белгі қойыңыз: "Сынғыш: Абайлап ұстаңыз."
3,5 дюймдік құрылғыны алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерден драйвты алғанда барлық алынбалы медианы драйвтан алып тастау
қажет.
18
2-тарау Құрылғы жаңартулары