Equipment reference manual

4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. Алдыңғы жапқышты алыңыз. Егер дискіні бітеуіш жапқышпен жабылған саңылау ішіне
орнататын болсаңыз, бітеуіш жапқышты алыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
Бітеуіш
жапқыштарды алу (6-бет) бөлімін қараңыз.
8. Дискінің əр бүйірлеріндегі тесіктерге 6-32 бекіту бұрандаларын орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы диск корпусына төрт қосымша 6-32 бекіту бұрандасын
орнатқан. Қосымша бағыттауыш бұрандаларды орнының суретін
Дискіні орнату жəне
алу (17-бет) бөлімінде қараңыз.
Дискіні ауыстырғанда ескі дискінің төрт 6-32 бекітетін бұрандасын жаңа дискіге салыңыз.
9. Диск корпусын өзінің дұрыс күйіне айналдырыңыз.
Дискіні орнату жəне алу
21