Equipment reference manual

7. Оптикалық дискінің артындағы қуат кабелі (1) мен дерек кабелін (2) ажыратып, дискінің
артқы жағында орналасқан жасыл босату ілгегін дискінің ортасына қарай басыңыз (3),
сосын алдыңғы жапқыш арқылы дискіні саңылаудың алдына қарай сырғытып шығарыңыз
(4).
ЕСКЕРТУ: Кабельдерді алатын кезде, кабельдің зақым алуын болдырмау үшін кабель
орнына тартқыш немесе қосқышты алыңыз.
Жұқа оптикалық дискіні орнату
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды ө
шіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. Дискіні бітеуіш жапқышы бар саңылауға орналастырсаңыз, алдыңғы тақтаны шешіп,
саңылау қақпағын алыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін
Бітеуіш жапқыштарды алу (6-бет)
бөлімін қараңыз.
8. Жаңа оптикалық дискіні қолданбас бұрын, босату кертпесі бекітілуі керек.
а. Босату кертпесіне келетін зақымды жоя отырып тазалаңыз.
ə. Оптикалық драйвқа босату кертпесінің тиіп кетуіне жол бермей, абайлап оптикалық
драйвтың бір жағындағы босату кертпесіндегі тесіктерді
істікпен түзеңіз. Босату
кертпесінің дұрыс бағытталғанына көз жеткізіңіз.
24
2-тарау Құрылғы жаңартулары