HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Send Fax Driver Guide

MFP факс жіберу драйверін орнату
MFP құралының MFP Send Fax драйверін қолдайтындығын анықтау
MFP енгізілген бағдарламалық құралының көптеген ағымдағы нұсқалары MFP Send Fax
драйвері үшін қолдауды қамтиды.
1. Басты экранда Басқару түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Факс жіберу параметрлері
Факс жіберу параметрлерін орнату (Настройка отправки факсов)
Жалпы факс жіберу параметрлері
3. Компьютер арқылы факс жіберу параметрін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: MFP мәзірінде Компьютер арқылы факс жіберу параметрі пайда болмаса, MFP
енгізілген бағдарламалық құралын жаңартыңыз.
4. Сақтау түймешігін түртіңіз.
MFP микробағдарламасын жаңарту және драйверді жүктеу
1. Ағымдағы енгізілген бағдарламалық құрал нұсқасын анықтау үшін MFP басқару
тақтасындағы теңшелім ақпаратын қараңыз.
а. Басты экранда Басқару түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Есептер
Теңшелім/күй беттері
б.
Теңшелім беті параметрін таңдап, Басып шығару түймесін басыңыз.
в. Енгізілген бағдарламалық құралдың күн коды «Құрылғы туралы ақпарат» бөлімінде
берілген.
ЕСКЕРІМ: Енгізілген бағдарламалық құралдың күн коды келесі пішімде: ЖЖЖЖААКК
XX.XXX.X. Сандардың бірінші жолы күнді білдіреді. Оның ішінде, ЖЖЖЖ жылды, АА айды,
ал КК күнді білдіреді. Мысалы, 20040225 деп басталатын енгізілген бағдарламалық
құралдың күн коды 2004 жылдың 25 ақпанын білдіреді. Сандардың екінші жолы енгізілген
бағдарламалық құралдың нұсқа нөмірін білдіреді.
2. Ең соңғы енгізілген бағдарламалық құралды жүктеңіз.
а. Өніміңіз үшін веб-торапқа өтіңіз:
4 Бап 1 Реттеу KKWW