HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Send Fax Driver Guide

5. Жергілікті немесе желі принтері астында Осы компьютерге қосылған жергілікті принтер
тармағын таңдаңыз. Келесі түймесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: MFP Send Fax драйверін желі принтерінде орнату үшін Осы компьютерге
тіркелген жергілікті принтер параметрін таңдаңыз. Драйвер жергілікті принтерге
орнатылғанда принтер атауы HP MFP Send Fax болады.
Егер Желі принтері немесе басқа компьютерге тіркелген принтер параметрін таңдасаңыз,
компьютердің IP мекенжайы қажет. Факсты алдын ала қарау сияқты кейбір мүмкіндіктер
драйвер желі принтерін орнату (Point-and-Print) көмегімен орнатылса қол жетімді болмайды.
MFP Send Fax драйверін сериялық немесе параллель порт арқылы компьютерге қосылған
принтерге орнатуға болмайды. Ол желіде болуы тиіс.
6. Компьютер MFP құралына орнатылып қойған болса, Принтер портын таңдау астында
Келесі портты пайдалану параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютер MFP құралына қосылмаса, 8-қадамға өтіңіз.
8 Бап 1 Реттеу KKWW