HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Send Fax Driver Guide

г. Орнату қойындысында Факс жіберместен бұрын алдын ала қарау терезесін көрсету
параметрі таңдалса, алдын ала қарау терезесі ашылады. Құралдар тақтасында Факс
жіберу түймесін басыңыз.
ғ. Тексеру бетінің басып шығарылғанын сұрайтын хабар пайда болады. Факс қабылдау
құрылғысында тексеру бетінің басып шығарылғанын тексеріп, OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Тексеру беті Факс тапсырмасы қойындысындағы Факс нөмірі мәтін ұясына
терілген факс нөміріне жеткізіледі.
Драйверді Windows Vista жүйесінде орнату
1. Windows Explorer бағдарламасында драйвер файлдарын шығарып алу үшін, жүктелген
MFP Send Fax драйверінің орындалатын файлын екі рет нұқыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймесін басып, Панель управления (Басқару тақтасы), одан кейін Принтер
тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Принтер мәзірі Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс)
тақырыбы астында орналасқан.
3. Принтер терезесіндегі жоғарғы мәзір жолағында Add a printer (Принтер қосу) түймесін
басыңыз.
4. Принтер қосу қош келдіңіз тілқатысу терезесінде Келесі түймесін басыңыз.
20 Бап 1 Реттеу KKWW