HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Send Fax Driver Guide

5. HP MFP Send Fax тілқатысу терезесіндегі Факс алушы астында алушы атын, факс
нөмірін және компания атауын теріңіз. Факс нөмірі — талап етілетін жалғыз мәлімет.
Алушы аты ашылмалы жолағы жеке алушыларды, сонымен қатар топ аттарын қамтиды.
Мәтін ұясы бос болса және ашылмалы тізім таңдалса, ашылмалы тізім әліпбилік ретпен
сұрыпталған ең соңғы пайдаланылған 20 атты қамтиды. Ашылмалы мәзір ашылғанда
ашылмалы тізімде мәтін болса, тізім барлық сәйкес жазбаларды көрсетеді. Алушы аты
ашылмалы тізімі ең көбі 20 жазбаны қамтиды. Ең көп санға жеткенде, жаңа жазба тізімдегі
ең ескі жазбаны ауыстырады.
ЕСКЕРІМ: Факс нөмірі мәтін өрісінде пайдалануға болатын арнайы таңбалар тізімін Факс
нөмірінде арнайы таңбаларды кірістіру 45-бетте бөлімінен қараңыз.
6. Алушы мәліметтерін MFP Send Fax телефон кітабына қосу үшін Телефон кітабына қосу
түймесін басыңыз. Бұл қадам міндетті емес.
ЕСКЕРІМ: Алушының аты, Факс нөмірі және Компания атауы мәтін ұяларындағы барлық
мәндерді жою үшін Өрістерді тазалау түймесін басыңыз.
7. Әдепкі мұқаба бетінің мәліметтері HP MFP Send Fax тілқатысу терезесіндегі Факсқа қосу
астында пайда болады. Бұл мәліметтерді кез келген жеке факс тапсырмасы үшін
өзгертуге болады.
ЕСКЕРІМ: Барлық факстарға әдепкі мұқаба бетті орнату үшін Теңшеу 59-бетте бөлімін
қараңыз.
KKWW
Факсты бір алушыға жіберу
33