HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Send Fax Driver Guide

6. Телефон кітабын өңдеу тілқатысу терезесінде қосымша аттар қосу үшін Жазба қосу
түймесін басыңыз.
7. Телефон кітабына аттарды қосып болған кезде OK түймесін басыңыз.
Телефон кітабына топтар қосу
ЕСКЕРІМ: Топты телефон кітабына Факс тапсырмасы қойындысында кітап белгішесін нұқу
немесе Орнату қойындысында Телефон кітабын өңдеу түймесін басу арқылы қоса аласыз.
Топты Орнату қойындысынан қоссаңыз, осы іс рәсімінің 3-қадамына өтіңіз.
1. HP MFP Send Fax тілқатысу терезесіндегі Факс алушы астында Факс тапсырмасы
қойындысында кітап белгішесін нұқыңыз. Бұл Алушыларды телефон кітабынан қосу
тілқатысу терезесін ашады.
2. Алушыларды телефон кітабынан қосу тілқатысу терезесінде тізімде атты бөлектеп,
Телефон кітабын өңдеу түймесін басыңыз.
3. Телефон кітабын өңдеу тілқатысу терезесінде Топ қосу түймесін басыңыз. Бұл Топты
телефон кітабынан қосу тілқатысу терезесін ашады. Топ атауын Топ атауы мәтін ұясына
теріп, атты теріңіз немесе тілқатысу терезесінің сол жағындағы тізімнен атты таңдаңыз.
Таңдалған атты Мүшелер жолағына көшіру үшін Қосу түймесін басыңыз. Топты қосуды
аяқтаған кезде, OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Мәліметтерді топқа қоспастан бұрын Мәліметтер түймесін басу арқылы
контакт мәліметтерін тексере аласыз. Бұл Мәліметтер тілқатысу терезесін ашады.
Мәліметтерді тексеріп, OK немесе Болдырмау түймесін басыңыз. Мәліметтерді бұл
тілқатысу терезесінде өңдей алмайсыз.
Аттарды телефон кітабынан жою
ЕСКЕРІМ: Аттарды телефон кітабынан Факс тапсырмасы қойындысында кітап белгішесін нұқу
немесе Орнату қойындысында Телефон кітабын өңдеу түймесін басу арқылы жоя аласыз.
Аттарды Орнату қойындысынан жойсаңыз, осы іс рәсімінің 3-қадамына өтіңіз.
1. HP MFP Send Fax тілқатысу терезесіндегі Факс алушы астында Факс тапсырмасы
қойындысында кітап белгішесін нұқыңыз. Бұл Алушыларды телефон кітабынан қосу
тілқатысу терезесін ашады.
48 Бап 2 Факстар жіберу KKWW