HP LaserJet Analog Fax Accessory 500 - Send Fax Driver Guide

Төлем кодтарын қосыңыз және Төлем коды мәтін ұясын Факс тапсырмасы қойындысында қол
жетімді етіңіз:
1. Басты экранда Басқару түймесіне жылжып, оны түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Факс параметрлері
Факс жіберу параметрлері
Факс жіберу параметрлерін орнату (Настройка отправки факсов)
Төлем кодтары
3. Төлем кодтарын қосу үшін Төлем кодтарын қосу мүмкіндігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Төлем кодтарын өшіру үшін Төлем кодтарын қосу мүмкіндігін таңдауды
болдырмаңыз, Сақтау түймесін түртіңіз, содан кейін қалған қадамдарды өткізіп жіберіңіз.
Пайдаланушыларға төлем кодтарын өңдеуге мүмкіндік беру үшін Пайдаланушыларға
төлем кодтарын өңдеуге рұқсат ету мүмкіндігін таңдаңыз.
4. Пернетақтаны ашу үшін Әдепкі төлем коды мәтін жолағын түртіңіз.
5. Төлем кодын енгізіп, OK түймесін түртіңіз.
6. Пернетақтаны ашу үшін Ең аз ұзындық мәтін жолағын түртіңіз.
7. Төлем кодында болуы керек ең аз цифрлар санын теріңіз де, OK түймесін түртіңіз.
8. Сақтау түймешігін түртіңіз.
Әдепкі өрістер жаңартылмайды
Орнату қойындысындағы жіберуші мәліметтерінің өрістеріндегі мәліметтер Әдепкі параметрлер
тілқатысу терезесіндегі жіберуші мәліметтері өрістеріне жіберуші мәліметтері
бірінші рет
енгізілгенде жаңартылады. Әдепкі жіберуші мәліметтері кейінірек өзгертілсе, Орнату
қойындысындағы жіберуші мәліметтерінің өрістері
жаңартылмайды
. Өзгертулер сақталады,
бірақ мәліметтер тілқатысу терезесінде пайда болмайды. Жаңа мәліметтерді көрсету үшін MFP
Send Fax драйверінен шығып, драйверді қайта іске қосыңыз.
Өзгертілген параметрлер күшіне енбейді
Орнату кезінде MFP Send Fax драйвері MFP факс теңшелімінің мәліметтерін алады. Драйвер
орнатылғаннан кейін MFP параметрлері өзгертілсе, драйверді MFP параметрлерімен үндестіру
үшін Қазір жаңарту мүмкіндігін пайдалану арқылы жаңартуды қолмен аяқтаңыз. Әдетте
драйверді жабу және қайта ашу бұл процесті автоматты түрде аяқтайды.
Драйверді MFP параметрлерімен Қазір жаңарту параметрін пайдаланып үндестіріңіз:
78 Бап 4 Мәселелерді шешу KKWW