Getting ready for work HP laptop - Windows 7
Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(2) Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз
етеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып
табылады.
(3)
RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
(4)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты
қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(5)
USB порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады.
(6)
Aудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын,
стереомикрофонды немесе моно микрофонды қосады.
(7)
Aудио шығыс (құлақаспап) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге,
гарнитураларға, құлақаспаптарға немесе теледидардың
аудио құрылғысына қосылғанда, дыбыс шығарады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында,
дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық
ескертпелер бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(8) Сандық медиа ұясы Келесі қосымша сандық карталар пішімдерін
қолданады:
●
MultiMedia картасы (MMC)
●
Secure Digital (SD) жад картасы
Сол жақ 9