Getting ready for work HP laptop - Windows 7
3 HP QuickWeb (тек таңдаулы
үлгілерде)
Жұмысқа кірісу
QuickWeb бағдарламалық құралы көптеген сүйікті амалдарыңызды қызықты əрі тартымды
орындау жолын ұсынады. HP QuickWeb бағдарламалық құралы ашылған кезде, компьютер
Интернетке, виджеттерге жəне хабарласу бағдарламаларына жылдам өтуге мүмкіндік беру
үшін бірнеше секунд ішінде жұмысқа дайын болады. QuickWeb пернесін басып QuickWeb
бағдарламасын пайдаланыңыз, содан кейін Интернетті шарлай, Skype бағдарламасы арқылы
хабарласа жəне басқа HP QuickWeb виджеттерімен таныса бастаңыз.
HP QuickWeb негізгі экранының төмендегідей мүмкіндіктері
бар:
●
Веб-шолғыш — Интернетті шарлау жəне онда ақпарат іздеу, таңдаулы веб-тораптарға
сілтеме жасау.
●
Skype — VoIP протоколын пайдаланатын Skype бағдарламасы арқылы хабарласу. Skype
бағдарламасы бір немесе бірнеше кісімен бір уақытта конференциялық байланыс
орнатуға немесе бейне чат жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жерүсті байланыс
желілеріне қашықтан қоңырау шалуға болады.
● Виджеттер — жаңалықтар, ауа райы болжамдары, əлеуметтік
желі арқылы хабарласу,
биржалық хабарлар, калькулятор, жабысқақ ескертулер, т.б. үшін қолданылады.
HP QuickWeb негізгі экранына қосымша виджеттер қосу үшін «Widget Manager»
бағдарламасын да пайдалануға болады.
ЕСКЕРІМ: HP QuickWeb бағдарламалық құралын пайдалану туралы қосымша ақпаратты
HP QuickWeb бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
12 Бап 3 HP QuickWeb (тек таңдаулы үлгілерде)