Getting ready for work HP laptop - Windows 7
4 Желі орнату
ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер
үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады.
Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін:
●
Сымсыз – Интернетке мобильді жолмен қосылу үшін, сымсыз байланысты қолдануға
болады.
Бар WLAN желісіне қосылу 15-бетте немесе Жаңа WLAN желісін
орнату 16-бетте бөлімін қараңыз.
●
Сымды – Интернетке сымды желі арқылы қосылуға болады. Сымды желіге қосылу туралы
ақпаратты НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз.
Интернет қызметі провайдерін (ISP) пайдалану
Интернетке қосылмас бұрын, Интернет қызметі провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату
қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет қызметі провайдерімен
хабарласыңыз. Интернет қызметі провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз
компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге
көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы
идентификаторы мен құпия сөз береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде
сақтаңыз.
Жаңа Интернет жазбасын орнату немесе компьютердің параметрлерін бар жазбаны
пайдаланатын реттеу үшін көмектесетін мынадай мүмкіндіктер бар:
●
Интернет қызметтері мен ұсыныстары (кейбір жерлерде бар)—бұл утилита жаңа
Интернет жазбасын жасауға жəне бар жазбаны пайдалану үшін компьютер параметрлерін
реттеуге көмектеседі. Бұл утилитаны пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Все программы
(Барлық бағдарламалар) > Интернет-
службы (Интернет қызметтері) > Интернет
(Интернетке кіру) тармақтарын таңдаңыз.
●
Интернет провайдері беретін белгішелер (кейбір жерлерде бар)—бұл белгішелер
Windows жұмыс үстелінде көрсетілуі немесе Online Services (Желідегі қызметтер) атты
жұмыс үстелі қалтасында топталуы мүмкін. Компьютерде жаңа Интернет жазбасын орнату
немесе компьютерді бар жазбаны пайдаланатын етіп реттеу үшін белгішені екі рет басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
●
Windows Интернетке қосылу шебері — бұл шебер Интернетке төмендегі жағдайлардың
кез келгенінде қосылуға мүмкіндік береді:
◦
Интернет провайдерінде тіркелген есептік жазбаңыз бар болған жағдайда.
◦
Интернет есептік жазбасы болмаған жəне Интернет провайдері шебердегі тізімнен
таңдағыңыз келген жағдайда. (Интернет провайдерлерінің тізімі барлық аймақтарда
бола бермейді).
◦
Тізімде жоқ Интернет провайдері таңдалған жағдайда жəне таңдалған Интернет
провайдері IP мекенжайы
, сондай-ақ POP3 жəне SMTP параметрлері сияқты қажетті
ақпарат берген жағдайда.
14 Бап 4 Желі орнату