Getting ready for work HP laptop - Windows 7

Windows Интернетке қосылу шебері мен шеберді пайдалануға арналған нұсқауларды ашу
үшін, Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі
жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ
пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Шебер Windows желіаралық қалқанын қосу немесе ажыратуды таңдауыңызды
сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
HP Мобильді кең ауқымды модулі, сымсыз аймақтық желі (WWAN) құрылғысы
Bluetooth құрылғысы
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат
алу үшін НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан, анықтама
жəне қолдау орталығындағы
веб-тораптар сілтемелерінен жəне берілген мəліметтерден қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін
басыңыз.
4. Қажет желіні таңдаңыз.
5. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
6. Сұратылса, қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
Сымсыз желіге қосылу 15