Getting ready for work HP laptop - Windows 7

5 Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар
Пернетақтаны пайдалану
Əрекет пернелерін пайдалану
Əрекет пернесі тағайындалған функцияны орындайды. f1 мен f12 аралығындағы пернелердегі
белгішелер сол пернеге тағайындалған функцияны білдіреді.
Əрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып тұрыңыз.
Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылған. Бұл мүмкіндікті Setup Utility құралында (BIOS)
өшіріп, тағайындалған функцияны белсендіру үшін, fn пернесін жəне əрекет пернелерінің
біреуін басып стандартты параметрлерге қайтуға болады. Нұсқауларды HP ноутбугінің
анықтамалық нұсқаулығындағы
«Компьютерді реттеудің қызметтік бағдарламасы (BIOS) жəне
жүйе диагностикасы» тарауынан қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Setup Utility құралында өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателіктер
компьютердің дұрыс жұмыс жасауына кері əсерін тигізуі мүмкін.
Белгіше Перне Сипаттама
f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен
компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау
орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты
түрде жою құралдарын жəне қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін
сілтемелер ұсынады.
f2 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша
төмендетіледі.
f3 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша
арттырылады.
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді.
Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан
кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып,
компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы
VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды. Бұл əрекет пернесі компьютерден
бейне ақпаратын қабылдайтын басқа да
құрылғылар арасында кескіндерді
ауыстырып көрсетеді.
18 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар