Getting ready for work HP laptop - Windows 7
Белгіше Перне Сипаттама
f5
●
Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда, HP QuickWeb
бағдарламалық құралын ашу үшін осы пернені басыңыз.
●
Компьютерде HP QuickWeb құралы қосулы болса, əдепкі веб-шолғышты
ашу үшін осы пернені басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютеріңізде HP QuickWeb бағдарламалық құралы
орнатылмаған болса, перне ешқандай əрекет немесе функцияны орындамайды.
f6 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі
алдыңғы бөлімді ойнатады.
f7 Аудио ықшам дискісіндегі жолшықты немесе DVD не Blu-ray дискісіндегі бөлімді
ойнату, тоқтата тұру, жалғастыру.
f8 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі
бөлімді ойнатады.
f9 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
төмендетеді.
f10 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
жоғарылатады.
f11 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
f12 Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Меңзегіш құрылғыларының, түймешік конфигурациясының, басу жылдамдығының жəне меңзер
опциясының параметрлерін реттеу үшін Windows® жүйесіндегі «Свойства мыши» (Тінтуір
сипаттары) тармағын пайдаланыңыз.
Тінтуір сипаттарына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен
принтерлер) тармақтарын таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңізді көрсететін тізімнің ішінде
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін
таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
ЕСКЕРІМ: Компьютердің сенсорлық тақтасы осы бөлімдегі суретте көрсетілгеннен сəл
өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі сенсорлы тақта туралы арнайы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 19