Getting ready for work HP laptop - Windows 7
Таңдау
Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты
пайдаланылады.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін
сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық
жəне дыбыс) > Synaptics > Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
2. Көрсетілімді бастау үшін, қимылды басыңыз.
Қимылдарды қосу жəне ажырату үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование
и звук (Жабдық
жəне дыбыс) > Synaptics > Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
2. Қосылатын немесе өшірілетін қимылдың жанына құсбелгі қойыңыз.
3. Применить (Қолдану) пəрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
22 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар