Getting ready for work HP laptop - Windows 7
7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Компьютерде ақпаратты қорғауға жəне керек болған кезде қалпына келтіруге көмектесуге
арналған амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынатын құралдар бар.
Бұл тарауда келесі тақырыптар туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау
(Recovery Manager бағдарламалық құралының мүмкіндігі)
● Жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен, қалпына келтіру дискілерінен немесе
қалпына келтіру флэш
-жадынан)
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
●
Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру
Қалпына келтіру
Қатты диск ақаулығы орын алған жағдайда, жүйені бастапқы зауыттық күйіндегі қалпына
келтіру үшін, HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып жасауға болатын
қалпына келтіру дискілерінің жинағы немесе қалпына келтіру флэш-жады керек болады. НР
компаниясы бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қалпына келтіру дискілерінің жинағын
немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау үшін осы бағдарламалық құралды бірден
пайдалануды ұсынады.
Егер
басқа себептермен жүйені бастапқы қалпына келтіру керек болса, бұны қалпына келтіру
дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын пайдаланбастан, HP қалпына келтіру бөлімі
(тек таңдаулы үлгілерде) арқылы жасауға болады. Қалпына келтіру дискілерінің бар екенін
тексеру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басыңыз да, Управление (Басқару) пəрменін, одан кейін Управление
дисками
(Дисктерді басқару) тармағын таңдаңыз. Егер қалпына келтіру бөлімі бар болса, қалпына
келтіру дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.
ЕСКЕРТУ: HP Recovery Manager (бөлім немесе дискілер/флэш-жад) бағдарламалық құралы
зауытта алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдарды ғана қалпына келтіреді.
Компьютермен берілмеген бағдарламалық құралды қолмен қалпына келтіру керек.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру дискілері, егер қалпына келтіру бөлімі компьютерде болмаса,
жеткізіледі.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда немесе компьютерді қалпына
келтіру бөлімінің құралдарын пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда,
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре атаныңызға сенімді болу үшін қалпына келтіру
дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасауға кеңес береді. Бұл дискілерді немесе
флэш-жадты компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін жасаңыз.
32 Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру