Getting ready for work HP laptop - Windows 7
ЕСКЕРІМ: HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қалпына келтіру дискілерінің тек бір
жинағын немесе бір қалпына келтіру флэш-жадын жасауға мүмкіндік береді. Бұл дискілерді
немесе флэш-жадты қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютерде кірістірілген оптикалық диск жетегі болмаса, қалпына келтіру
дискілерін жасау үшін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалана
аласыз немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан сатып
алуға болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы
сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
Нұсқаулар:
●
Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе DVD+R DL дискілерін сатып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: CD-RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW дискілері жəне қос қабатты BD-RE
(жазылатын Blu-ray) дискілері сияқты оқу-жазу дискілері НР Recovery Manager
бағдарламалық құралымен үйлеспейді.
●
Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне жалғанған болуы қажет.
●
Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек бір жинағын немесе бір қалпына келтіру
флэш-жадын жасауға болады.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру дискілерін жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық жинақтағыш
дискісіне салмай тұрып нөмірлеңіз.
●
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің немесе қалпына келтіру флэш-жадының
жасалуы аяқтағанша бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager
бағдарламалық құралын келесіде ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру
ұсынылады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Security and Protection
(Қауіпсіздік жəне
қорғаныс) > HP Recovery Manager > HP Recovery Media Creation (HP
қалпына келтіру дискісін жасау) тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру дискілерін жасау 33