Getting ready for work HP laptop - Windows 7

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді. HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қалпына келтіру
дискілерінен, қалпына келтіру флэш-жадынан немесе қатты дискідегі арнайы қалпына келтіру
бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) жұмыс істейді.
ЕСКЕРІМ: Жүйені қалпына келтіруді компьютердің қатты дискісінде ақаулық орын алған
жағдайда немесе компьютердің қызмет ету мəселелерін шешу əрекеттері нəтиже бермегенде
орындау қажет. Жүйені қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғы əрекеті
ретінде пайдаланған жөн.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде келесі мəліметтерді ескеріңіз:
Бұрын сақтық көшірмесі жасалған жүйені ғана қалпына келтіруге болады. НР компаниясы
компьютеріңізді орнатқаннан кейін қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына
келтіру флэш-жадын жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламалық құралын
пайдалануды ұсынады.
Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу мүмкіндіктері бар. Егер бұл
мүмкіндіктерді əлі сынап
көрмесеңіз, HP Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын
оларды сынап көріңіз.
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген
бағдарламалық құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші
қамтамасыз еткен дискіден қайта орнату қажет.
Арнайы қалпына келтіру бөлімі арқылы қалпына келтіру (тек
таңдаулы үлгілерде)
Арнайы қалпына келтіру бөлімін пайдалану кезінде суреттердің, музыканың жəне басқа да
аудио файлдардың, бейнелердің, фильмдердің, жазылған теледидар шоуларының,
құжаттардың, электрондық кестелердің, көрмелердің, электрондық пошта хабарларының,
Интернеттегі таңдаулы элементтердің жəне параметрлердің сақтық көшірмесін жасауға
болады.
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. HP Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
Пуск (Бастау) >
Все программы (Барлық бағдарламалар) > Security and Protection
(Қауіпсіздік жəне қорғаныс) > HP Recovery Manager > HP Recovery Manager
тармағын таңдаңыз.
немесе
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. «F11 (System Recovery)»
(F11 (Жүйені қалпына келтіруі)) хабары экранда көрсетілгенде f11 пернесін басыңыз.
2. HP Recovery Manager терезесінде
System Recovery (Жүйені қалпына келтіру) параметрін
таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
34 Бап 7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру