Getting ready for work HP laptop - Windows 7

Қалпына келтіру дискілерінен қалпына келтіру
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне немесе қосымша
сыртқы оптикалық диск жетегіне енгізіңіз, одан кейін компьютерде қайта бастаңыз.
немесе
Қалпына келтіру флэш-жадын компьютердің USB портына салып, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде
қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту қажет.
3. Жүйені бастау кезінде f9 пернесін басыңыз.
4. Оптикалық дискіні немесе флэш-дискіні таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту
Қалпына келтіру дискілерінің жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
2. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу
үшін f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктелу параметрлері терезесінен Internal CD/DVD ROM Drive (Ішкі ықшам/DVD диск
жетегі) тармағын таңдаңыз.
Қалпына келтіру флэш-жадының жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді
орындаңыз:
1.
Флэш-жадын USB портқа жалғаңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу
үшін f9 пернесін басыңыз.
4. Жүктелу параметрлері терезесінен флэш-жадын таңдаңыз.
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру
Файлдардың сақтық көшірмесін жасау жəне барлық жаңа бағдарламалық құралдарды қауіпсіз
жерде сақтау өте маңызды болып табылады. Жаңа бағдарламалық құралдар жəне деректер
файлдары қосылған сайын, сақтық көшірмелерді жүйелі түрде жасауды жалғастырыңыз.
Жүйенің қаншалықты толық қалпына келтіруін жасау мүмкіндігі сақтық көшірме соңғы рет қашан
жасалғанына байланысты болады.
ЕСКЕРІМ: Ең соңғы сақтық көшірмеден қалпына келтіруді компьютерге вирустық шабуыл
жасалған немесе жүйе құрамдас бөліктерінің елеулі ақаулығы орын алған жағдайда жасау
қажет. Компьютер мəселелерін шешу үшін, жүйені қалпына келтіруді жасамас бұрын, қалпына
келтіру əрекетін жасаған жөн.
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру 35