Getting ready for work HP laptop - Windows 7

1 Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
1. Сымды немесе сымсыз желіні орнатыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін,
Желі
орнату 14-бетте тарауын қараңыз.
2. Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңартыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP
ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулықты табу туралы
ақпаратты
Ақпаратты табу 1-бетте бөлімінен қараңыз.
3. Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін,
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру 32-бетте тарауын
қараңыз.
4. Компьютермен танысу. Қосымша ақпарат алу үшін
Компьютермен танысу 4-бетте жəне
Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 18-бетте атты бөлімдерді қараңыз.
5. Компьютерге алдын ала жүктелген бағдарламалық құралдар тізімін көру үшін, Пуск
(Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
Ақпаратты табу
Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді.
Ресурс Мазмұны
Компьютерді орнату нұсқаулары
Компьютерді орнату туралы
Компьютердің құрамдас бөліктерімен танысу
Жұмысқа дайындық
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін
Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) > Руководства пользователя
(Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын
таңдаңыз.
Компьютер сипаттары
Төмендегі əрекеттердің нұсқаулары:
Сымсыз желіге қосылу
Пернетақтаны жəне меңзегіш құрылғыларды
пайдалану
Қатты дискіні жəне жад модульдерін ауыстыру
немесе жаңарту
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіруді жүзеге
асыру
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен
байланысу
Компьютер сипаттамасы
HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығы
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін
Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) > Руководства пользователя
(Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын
таңдаңыз.
Қуатты басқару мүмкіндіктері
Төмендегі əрекеттердің нұсқаулары:
Батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзарту
Компьютердің мультимедиалық
мүмкіндіктерін
пайдалану
Ақпаратты табу 1