Алғашқы жұмыс HP ноутбугі
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft, Windows жəне Windows Vista – Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo – өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 5 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ....
Пернетақталарды пайдалану .......................................................................................... 27 Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану .................................................. 27 Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне сөндіру ..................... 28 Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу ............................................................................... 28 Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану .........................
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау ............................................................................ 52 Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ........................................................................ 53 Windows жүйесінің қалпына келтіру құралдарын пайдалану ....................... 53 f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ................................................. 54 Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану ..... 56 Windows Vista ...................
viii
1 Қош келдіңіз ● Ақпаратты табу Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● HP QuickWeb орнату — Интернет, виджеттер, электрондық пошта мен байланыс бағдарламаларына негізгі амалдық жүйені бастамастан бірден кіру үшін қолданылады. Қосымша ақпарат алу үшін, HP QuickWeb 23-бетте тарауын қараңыз. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды немесе сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, Желі орнату 18-бетте тарауын қараңыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтауға көмек Алғашқы жұмыс ● Компьютер сипаттары Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін ● Сымсыз желіге қосылу сипаттамасы Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер ● Заңдық жəне қауіпсіздік ақпараты Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін ● Батареяларды қоқысқа тастау туралы ақпарат ● Жұмыс компьютерін дұрыс орнату, дұрыс отыру, денсаулық сақтау жəне жұмыс жасау салттары ● Электр жəне механикалық қауіпсіздік ақпараты Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті ашу үшін Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) > Просмотреть информацию о гарантии (Кепілдік ақпаратын көру) тармағын таңдаңыз. – немесе – Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP > Документация HP (НР құжаттамасы) > Просмотреть информацию о гарантии (Кепілдік ақпаратын көру) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.
2 Компьютермен танысу ● Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ● Алдыңғы жағы ● Оң жағы ● Сол жағы ● Дисплей ● Артқы жағы ● Астыңғы жағы 5
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз осы бөлімде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінуі мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) Меңзегіш таяқша (тек таңдаулы үлгілерде) Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі (тек таңдаулы үлгілерде) Меңзегіш таяқшамен бірге қолданылады жəне сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта шамы ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер ұйқы режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Қосулы: компьютер қосулы.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік (4) Сипаттама QuickWeb түймешігі ● Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда, HP QuickWeb құралын ашу үшін осы түймешікті басыңыз. ● Компьютерде Microsoft Windows амалдық жүйесі орнатылған болса, əдепкі веб-шолғышты ашу үшін осы түймешікті басыңыз. ● Компьютерде HP QuickWeb құралы қосулы болса, əдепкі веб-шолғышты ашу үшін осы түймешікті басыңыз. ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін, HP QuickWeb 23-бетте бөлімін жəне HP QuickWeb бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) Функционалдық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) fn пернесі Функционалдық пернемен, num lk немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (4) Windows логотипті перне Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді.
Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Дисплейді босату ысырмасы Компьютерді ашады. (2) Сымсыз байланыс шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер ұйқы режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Сары: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 мен 90%-ға дейін зарядталған.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Aудио шығыс (құлақаспап) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштерге, құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат коннекторы Айнымалы ток адаптері қосылады. (2) 1394 порты Камера секілді қосымша IEEE 1394 немесе 1394a құрылғысы қосылады. (3) USB 2.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады. (4) ExpressCard ұясы немесе смарт карта оқу құралы (конфигурацияға байланысты) Қосымша ExpressCard карталарын немесе смарткарталарды қолдайды.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді немесе егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (3) WWAN антенналары (2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желілермен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды.
Артқы жағы Бөлік Сипаттама (1) RJ-11 (модем) ұясы Модем кабелін қосады. (2) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (3) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны батарея ұясынан шығарады. (2) Қондыру қосқышы Қондыру құрылғысын жалғайды. (3) Астыңғы қақпақты босату ысырмасы Астыңғы қақпақты босатады немесе құлыптайды. (4) SIM картасының ұясы Сымсыз SIM (Абоненттің анықтау модулі) картасына қолдау көрсетіледі. SIM картасының ұясы батарея ұясында орналасқан. (5) Батарея ұясы Батареяны ұстайды. (6) Батарея қосқышы Қосымша батареяны қосады.
Бөлік Сипаттама (8) Bluetooth бөлімі Bluetooth құрылғысын ұстайды. (9) Сымсыз байланыс пен жад модулі бөлімдері жəне қатты диск ұясы Сымсыз LAN модулі ұясын, WWAN модулі ұясын, жад модулі ұяларын жəне қатты дискіні ұстайды. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
3 Желі орнату ● Интернет провайдерін (ISP) пайдалану ● Сымсыз желіге қосылу ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: 18 ● Сымсыз байланыс — Интернетке мобильді қосылу үшін сымсыз байланысты пайдалануға болады. Бар WLAN желісіне қосылу 20-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 21-бетте бөлімін қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет қызметі провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
3. Пуск (Бастау) > Подключиться к (Қосылу) тармақтарын таңдаңыз. 4. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз. ● Желі қауіпсіз қосылмаған болса, ескерту хабары көрсетіледі. Ескерту хабарын қабылдап, қосылыстың орнатылуын аяқтау үшін Все равно подключиться (Бəрібір қосылу) параметрін таңдаңыз. ● Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады. Кодты енгізіп, қосылысты аяқтау үшін, Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар.
4 HP QuickWeb Жұмысқа кірісу QuickWeb бағдарламалық құралы көптеген сүйікті амалдарыңызды қызықты əрі тартымды орындау жолын ұсынады. Компьютеріңіз QuickWeb құралы іске қосылғаннан кейін бірнеше секунд ішінде Интернетке, виджеттерге жəне байланыс бағдарламаларына жылдам кіруге дайын болады. Жай ғана компьютердегі QuickWeb түймешігін басып, Интернетті шолуды, Skype бағдарламасы арқылы хабарласуды жəне басқа да HP QuickWeb бағдарламаларымен танысуды бастаңыз.
HP QuickWeb бағдарламасын бастау ▲ HP QuickWeb бағдарламалық құралын іске қосу үшін, компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда QuickWeb түймешігін басыңыз. Келесі кестеде QuickWeb түймешігінің əрекеттері түсіндіріледі. Түймешік Əрекеті QuickWeb түймешігі ● Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда, HP QuickWeb бағдарламалық құралын ашады. ● Компьютерде Microsoft Windows бағдарламасы ашық болғанда, əдепкі веб-шолғышты ашады.
5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар ● Пернетақтаны пайдалану ● Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 25
Пернетақтаны пайдалану Пернелер тіркесімдерін анықтау Жылдам перне fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2) немесе функционалдық пернелердің біреуінің (3) тіркесімі. Жылдам пернені пайдалану үшін ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+f3 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады. fn+f8 Орнатылған барлық батареялардың заряд ақпаратын көрсетеді. Батареялардың зарядталып тұруы көрсетіледі жəне əр батареяда қалған заряд мөлшері туралы есеп беріледі. fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді. fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. Пернетақталарды пайдалану Бұл компьютерде енгізілген сандық пернетақта бар.
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне сөндіру Енгізілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Енгізілген сандық пернетақтаны сөндіру үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. ЕСКЕРІМ: Енгізілген сандық пернетақта сыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта компьютерге жалғанған кезде өшірулі.
Меңзеу таяқшасын қолдану Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң жəне сол жақ түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң жəне сол жақ түймешіктерін пайдаланыңыз. Сенсорлы тақтаны қолдану Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Келесі кестеде сенсорлы тақтаның көрсетілетін белгішелері көрсетіліп, сипатталған. Сенсорлы тақта шамы Белгіше Сипаттама Сары: сенсорлы тақтаның өшірілгенін көрсетеді. Өшірулі: сенсорлы тақтаның қосылғанын көрсетеді. Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдың көрсетілімін көру үшін 1.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. ЕСКЕРІМ: Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта қосылады. Шымшу/Масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
Айналдыру Айналдыру мүмкіндігі фотосурет жəне беттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік береді. Айналдыру үшін, сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты тірелген саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, оң сұқ саусақты сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Бұру əрекеті сенсорлы тақта аумағында жасалуы тиіс. ЕСКЕРІМ: Бұру мүмкіндігі зауытта өшіріледі.
6 Күтім ● Батареяны салу жəне шығарып алу ● Астыңғы қақпақты алу немесе ауыстыру ● Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ● Жаңартуға арналған орындағы қатты дискіні ауыстыру ● Жад модулін қосу немесе ауыстыру ● Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту ● SoftPaq Download Manager құралын пайдалану ● Компьютерді тазалау Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Батареяны салу үшін: 1.
2. Батареяны (1) батареяның орнына отырғанша енгізіңіз. Батареяны босату ысырмасы (2) батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады. Батареяны шығарып алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1.
Астыңғы қақпақты алу немесе ауыстыру ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Астыңғы қақпақты орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін астыңғы қақпақты орнына орналастырыңыз. Астыңғы қақпақты орнына салу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 1. Астыңғы қақпақты оның алдыңғы жиегін компьютердің (1) алдыңғы жиегімен туралау үшін төмен еңкейтіңіз. 2. Астыңғы қақпақтың артқы жиегіндегі туралау ілгектерін (2) компьютердегі кетіктерге енгізіңіз. 3.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні шығарып алу үшін 1.
3. Қатты диск бұрандаларын (4) бұрап қатайтыңыз. 4. Астыңғы қақпақты орнына орналастырыңыз (Астыңғы қақпақты орнына салу 37-бетте бөлімін қараңыз). 5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін қараңыз). 6. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 7. Компьютерді қосыңыз.
6. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін қараңыз). 7. Астыңғы қақпақты алыңыз (Астыңғы қақпақты алу 36-бетте бөлімін қараңыз). 8. Жаңартуға арналған орыннан қатты дискінің бұрандаларын шығарып алыңыз. 9. Жаңартуға арналған орынның бұрандаларын (1) бұрап босатыңыз. 10. Қатты дискіні (2) шығару үшін ілгекті жалпақ ұшты бұрағышпен жайлап басыңыз. 11. Жаңартуға арналған орыннан (3) қатты дискіні шығарып алыңыз.
Қатты дискіні жаңартуға арналған орынға орнату үшін 1. Қатты дискіні (1) жаңартуға арналған орынға салып, жаңартуға арналған орынның бұрандасын (2) бұрап қатайтыңыз. 2. Қатты диск бұрандаларын орнына салыңыз. 3. Астыңғы қақпақты орнына орналастырыңыз (Астыңғы қақпақты орнына салу 37-бетте бөлімін қараңыз). 4. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін қараңыз). 5. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта қосыңыз. 6.
Оптикалық диск жетегін ауыстыру ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орыннан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, оптикалық диск жетегін шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
2. Жаңартуға арналған орынның бұрандаларын (2) бұрап қатайтыңыз. 3. Астыңғы қақпақты орнына орналастырыңыз (Астыңғы қақпақты орнына салу 37-бетте бөлімін қараңыз). 4. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін қараңыз). 5. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта қосыңыз. 6. Компьютерді қосыңыз. Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модулі бөлігі бар.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін 1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. 3. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін қараңыз). 4. Астыңғы қақпақты алыңыз (Астыңғы қақпақты алу 36-бетте бөлімін қараңыз). 5. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз: а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды (1) тартып шешіңіз.
б. Ұстап тұратын қысқыштар бекітілгенше, жад модулінің сол жəне оң жақ шеттерін қысып, жад модулін (3) басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Астыңғы қақпақты орнына орналастырыңыз (Астыңғы қақпақты орнына салу 37-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10. Компьютерді қосыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы SoftPaq файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады. SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен SoftPaq ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді.
жүктеу үрдісінің ұзақтығы таңдалған SoftPaq файлдарына жəне Интернет қосылысының жылдамдығына байланысты. Егер сіз бір немесе екі SoftPaq файлын жүктеп алғыңыз келсе жəне сіз жоғары жылдамдықты Интернет қосылысын пайдалансаңыз, Загрузить и распаковать (Жүктеп алу жəне ашу) пəрменін таңдаңыз. 6. 48 Таңдалған SoftPaq файлдарын компьютерге орнату үшін, SoftPaq Download Manager құралында Установить SoftPaq файл (SoftPaq файлын орнату) пəрменін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз.
Компьютерді тазалау ● Өнімдерді тазалау ● Тазалау іс реті Өнімдерді тазалау Компьютерді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Ең үлкен концентрациясы 0,3% бензилдиметиламмоний хлориді (мысалы, бір рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш майлықтарды пайдаланыңыз. Бұл майлықтардың түрлі брендтері бар).
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, Өнімдерді тазалау 49-бетте бөлімінде сипатталған тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш майлықты пайдаланыңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютердің қақпағынан кір жəне қалдықтарды тазалау кезінде шеңбер бойынша жылжытыңыз.
7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Windows 7 ● Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау ● Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Ақпаратыңызды қорғауға жеке файлдар мен қалталардың немесе бүкіл қатты дисктің (тек таңдаулы үлгілерде) сақтық көшірмелерін жасау, жүйені қалпына келтіру дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) орнатылған оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша оптикалық диск жетегі арқылы жасау немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін Windows жүйесінің сақтық
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша мəлімет алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) тармағын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін. 1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Обслуживание (Қызмет көрсету) > Архивация и восстановление (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз. 2.
ЕСКЕРТУ: Басталғанда қалпына келтіру құралы пайдаланылған болса, қатты дискідегі мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Компьютерде жасалған файлдардың жəне бағдарламалық құралдардың барлығы мүлде жойылады. Қатты дискіні қайта пішімдеу аяқталғаннан кейін, амалдық жүйе, сондай-ақ драйверлер, бағдарламалық құралдар мен утилиталар сақтық көшірмелерден қалпына келтіріледі. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 4. «Press for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басу) хабары экранда көрсетіліп тұрғанда f11 пернесін басыңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісіне тапсырыс қою үшін, http://www.hp.com/support вебторабын ашып, қажетті ел немесе аймақты таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Техникалық қолдау қызметіне телефон соғу арқылы да DVD дискісіне тапсырыс қоя аласыз. Байланыс ақпаратын алу үшін, компьютермен қоса қамтамасыз етілген Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
Windows Vista Ақпаратыңызды қорғауға сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру орталығын жеке файлдар мен қалталардың не бүкіл қатты дисктің (тек таңдаулы үлгілерде) сақтық көшірмелерін жасау немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін пайдаланыңыз. Жүйе ақаулығы жағдайында, сақтық көшірме файлдарын компьютер мазмұнын қалпына келтіру үшін пайдалануға болады.
● Дискілерге сақтық көшірме жасаған кезде, дискілердің (бөлек сатып алынады) мына түрлерінің кез келгенін қолданыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер түрі компьютерде орнатылған оптикалық диск салғыштың түріне байланысты болады. ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілеріне көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме жасау кезінде, оларды пайдалану дискілер санын азайту үшін пайдаланады.
Windows жүйесінің қалпына келтіру құралдарын пайдалану Сақтық көшірмесі бұрын жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін 1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Обслуживание (Қызмет көрсету) > Центр архивации и восстановления (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру орталығы) тармақтарын таңдаңыз. 2. Бүкіл компьютеріңізді (тек таңдаулы үлгілерде) немесе файлдарыңызды қалпына келтіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бастапқы қатты диск кескінін f11 пернесін басу арқылы қалпына келтіру үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Мүмкіндігінше, HP Recovery бөлімінің бар екенін тексеріңіз. Бөлімді табу үшін, Пуск (Бастау) > Компьютер пəрменін таңдаңыз.
8 Тұтынушыларды қолдау ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар 61
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы HP ноутбугының анықтамалық нұсқаулығы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, HP тұтынушыларды қолдау орталығына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: http://www.hp.com/go/contactHP ЕСКЕРІМ: Бүкіл əлем бойынша қолдау алу үшін беттің сол жағындағы Contact HP worldwide (HP компаниясымен бүкіл əлем бойынша хабарласу) тармағын таңдаңыз немесе http://welcome.hp.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмір жапсырмасы — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмірі бар жапсырма батарея ұясында орналасады.
9 64 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Бап 9 Техникалық сипаттамасы
Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 мен 40000 фут ара
Индекс Таңбалар/Сандар 1394 порты, анықтау 13 А амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 63 Өнім кілті 63 астыңғы қақпақ, алу немесе ауыстыру 36 астыңғы қақпақты босату ысырмасы, анықтау 16 аудио кіріс (микрофон) ұясы 12 аудио шығыс (гарнитура) ұясы 12 Ə əрекет пернелері, анықтау 27 Б батарея, ауыстыру 34 батарея қосқышы, анықтау 16 батареяны шығару ысырмасы 16 батарея ұясы 16, 63 батарея шамы 11 бөліктер алдыңғы жағы 11 артқы жағы 15 астыңғы 16 дисплей 14 жоғарыдан қарағандағы көрін
Қ қалпына келтіру бөлімі 54, 59 қатты диск орнату 38 шығарып алу 38 қатты диск шамы 11 қатты дискіні қалпына келтіру 54, 59 қатты дискінің қалпына келтірілуі 54, 59 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 12 қондыру қосқышы, анықтау 16 қосқыш, қондыру 16 қуат коннекторы, анықтау 13 қуат түймешігі, анықтау 8 қуат шамы 7, 11 М Медиа картаны оқу құрылғысы, анықтау 13 меңзегіш құрылғылар, орнатудың таңдаулы параметрлері 28 меңзегіш таяқша 6 Мобильді кең жолақты модуль, анықтау 17 О оптикалық диск жетегі, анықтау 13
желі 15 қауіпсіздік кабелі 12 Ү үндеткіштер, анықтау 11 Ф функционалдық пернелер анықтау 10 Ш шамдар caps lock 7 HP QuickWeb 7 num lock 7 батарея 11 веб-камера 14 дыбысты өшіру 7 қатты диск 11 қуат 7, 11 Сенсорлы тақта 7 сымсыз байланыс 7, 11 Ы ысырма, астыңғы қақпақты босату 16 ысырма, батареяны шығару 16 І ішкі дисплей қосқышы 14 ішкі микрофондар, анықтау 14 Э экран жарықтығы пернелері 27 экран кескіні, ауыстырып қосу 26 B Bluetooth бөлімі, анықтау 17 Bluetooth жапсырмасы 63 C caps lock шамы, анықтау 7 D