The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Пернетақтаны пайдалану
Пернелер тіркесімдерін анықтау
Жылдам перне fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2) немесе функционалдық пернелердің
біреуінің (3) тіркесімі.
Жылдам пернені пайдалану үшін
▲
fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт
басыңыз.
Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
  fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f3 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе
бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалту қауіп-қатерін азайту үшін, ұйқы күйін қоспас бұрын
жұмысыңызды сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жетсе, компьютер күту 
күйіне
қосылады жəне жүйелік жадта сақталған ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f3 жылдам пернесінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, fn+f3 жылдам пернесі ұйқы
күйінің орнына күту күйін қосуға орнатылуы мүмкін. Windows амалдық жүйелерінің барлық
терезелерінде fn+f3 жылдам пернесі ұйқы режимі түймешігі болып саналады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де 
ауыстыруы мүмкін.
fn+f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
26 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар










