The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8 Орнатылған барлық батареялардың заряд ақпаратын көрсетеді. Батареялардың зарядталып
тұруы көрсетіледі жəне əр батареяда қалған заряд мөлшері туралы есеп беріледі.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
Пернетақталарды пайдалану
Бұл компьютерде енгізілген сандық пернетақта бар. Компьютерде қосымша сыртқы сандық
пернетақта немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақта да жұмыс істейді.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану
Бөлік Сипаттама
(1) fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық
пернетақтаны қосады жəне сөндіреді.
(2) Енгізілген сандық пернетақта Пернетақта іске қосылған кезде оны сыртқы сандық
пернетақта сияқты пайдалануға болады.
Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ
бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
(3) num lk пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық
пернетақтаны қосады жəне сөндіреді.
ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде
белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына
келеді.
Пернетақтаны пайдалану 27