The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығарып алу үшін
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін
қараңыз).
4. Астыңғы қақпақты алыңыз (
Астыңғы қақпақты алу 36-бетте бөлімін қараңыз).
5. Қатты дискінің 3 бұрандасын (1) бұрап босатыңыз.
6. Қатты дискіні қосқыштан ажырату үшін, қатты дискідегі (2) пластмасса кесіндісін
компьютерге қарай тартыңыз.
7. Пластмасса кесіндісін қатты дискіні бұрышта (3) көтеріп, оны (4) компьютерден шығарып
алу үшін пайдаланыңыз.
Қатты дискіні орнату
Қатты дискіні орнату үшін
1. Қатты дискіні бұрышта (1) оның ұясына салып, одан кейін қатты дискіні оның ұясында (2)
тегіс орналастырыңыз.
2. Қатты дискіні қосқышқа жалғау үшін, пластмасса кесіндісін (3) компьютердің ортасына
қарай тартыңыз.
38 Бап 6 Күтім










