The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Оптикалық диск жетегін ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орыннан шығармастан бұрын, компьютерді
өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, оптикалық диск
жетегін шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орыннан шығарып алу үшін
1. Жұмысыңызды сақтаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріңіз де, жаңартуға арналған орынды сізге қаратып, жалпақ бетке
орналастырыңыз.
6. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін
қараңыз).
7. Астыңғы қақпақты алыңыз (
Астыңғы қақпақты алу 36-бетте бөлімін қараңыз).
8. Жаңартуға арналған орынның бұрандаларын (1) бұрап босатыңыз.
9. Оптикалық диск жетегін (2) шығару үшін ілгекті жалпақ ұшты бұрағышпен жайлап басыңыз.
10. Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орыннан (3) шығарып алыңыз.
Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орынға орналастыру үшін
1. Оптикалық диск жетегін жаңартуға арналған орынға (1) енгізіңіз.
42 Бап 6 Күтім










