The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 34-бетте бөлімін
қараңыз).
4. Астыңғы қақпақты алыңыз (
Астыңғы қақпақты алу 36-бетте бөлімін қараңыз).
5. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды (1) тартып шешіңіз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), оны ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана
ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін
контейнерге салыңыз.
6. Жаңа жад модулін енгізу үшін
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз.
Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
а. Жад модулінің ойықтары бар шетін (1) жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз.
ə. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрышта тұрғанда, модульді (2) басып жад
модулінің ұясына түсіріңіз.
44 Бап 6 Күтім