The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Компьютерді тазалау
●
Өнімдерді тазалау
●
Тазалау іс реті
Өнімдерді тазалау
Компьютерді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз:
●
Ең үлкен концентрациясы 0,3% бензилдиметиламмоний хлориді (мысалы, бір рет
пайдаланылатын зарарсыздандырғыш майлықтарды пайдаланыңыз. Бұл майлықтардың
түрлі брендтері бар).
● Спирті жоқ əйнек тазалағыш сұйықтық
● Жұмсақ сабынды су ерітіндісі
●
Құрғақ микроталшық тазалағыш мата немесе күдері (майы жоқ электр зарядын
жібермейтін мата)
● Электр зарядын жібермейтін мата
 майлықтар
ЕСКЕРТУ: Келесі тазалағыш құралдарды пайдаланбаңыз:
Спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид сияқты қатты еріткіштер мен көмірсутектер;
олардан компьютердің бетіне қатты зақым келуі мүмкін.
Қағаз сүлгі сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат келтіруі мүмкін. Уақыт өткенде,
кір бөліктері жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс реті
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз:
Компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютер бетіне тазарту заттары немесе сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз.
Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді спирті жоқ əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Дисплейді жаппас бұрын оның құрғақ болғандығына көз жеткізіңіз.
Компьютерді тазалау 49










