HP DesignJet Z2600 Z5600 PostScript printer - Introduktionsoplysninger
Кіріспе ақпарат
1
Қазақша
Ол не?
Принтеріңіз — үлкен, жоғары сапалы
суреттерді басып шығаруға арналған түсті
ағындық принтер.
Бұл кіріспе құжат заңды ескертулерді
және қауіпсіздік нұсқауларын қамтиды,
алдыңғы панельді пайдалануды
сипаттайды, веб-қызметтерді
таныстырады және орын алуы мүмкін
қате хабарларының тізімін береді.
Пайдаланушы нұсқаулығы қайда?
Принтеріңізге арналған толық
пайдаланушы нұсқаулығын HP
компаниясының қызмет көрсететін
веб-сайтынан алуға болады:
http://www.hp.com/go/Z2600/manuals
http://www.hp.com/go/Z5600/manuals
Заңды ескертулер
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P.
Бұл жерде қамтылған ақпарат ескертусіз өзгертілуі
мүмкін. Тек HP өнімдері мен қызметтерінің кепілдіктері
ғана осындай өнімдермен және қызметтермен бірге
келетін тікелей кепілдік мәлімдемесінде жарияланады.
Мұндағы ақпарат қосымша кепілдік ретінде түсінілмеуі
тиіс. HP компаниясы осында бар техникалық немесе
редакторлық қателерге немесе ақпараттың жоқтығына
жауапты болмайды.
PostScript – Adobe Systems Incorporated сауда белгісі.
Өніміңізге қолданылатын тікелей берілген HP шектеулі
кепілдігі компьютердің бастау мәзірінен немесе
қорапта берілген CD/DVD дискісінен таба аласыз.
Кейбірелдер/аймақтар үшін басылған HP шектеулі
кепілдігі қораптаберіледі. Кепілдік басылған пішімде
берілмегенелдерде/аймақтарда басылған көшірмені
http://www.hp.com/go/orderdocuments сайтынан сұрауға
немесе мына мекенжайға жазуға болады:
Солтүстік Америка: HP Inc., MS POD, 11311 Chinden Blvd,
Boise, ID 83714, USA.
Еуропа, Таяу Шығыс, Африка: HP Inc., POD, Via G.
DiVittorio 9, 20063 Cernusco s/Naviglio (MI), Italy.
Азия, Тынық мұхит: HP Inc., POD, P.O. Box 200,
AlexandraPost Off ice, Singapore 911507.
Өнім нөмірін, кепілдік мерзімін (сериялық нөмір
жапсырмасынан табылады), атыңызды және
пошталықмекенжайыңызды қосыңыз.
Қауіпсіздік шаралары
Басып шығарғышты қауіпсіз пайдалану үшін
төмендегі сақтық шаралар ескертулерді барлық
уақытта орындаңыз. Осы құжатта сипатталғаннан
басқа ешқандай әрекеттерді немесе іс рәсімдерін
орындамаңыз, себебі олай істеу өлімге, қатерлі
жарақатқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
Электр желісін қосу
• Жапсырмада көрсетілген қуат көзінің кернеуін
пайдаланыңыз. Басып шығарғыштың ток розеткасын
бірнеше құрылғымен асыра жүктемеңіз: олай істеу
өрт немесе ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
• Басып шығарғыштың жерге дұрыс қосылуын
қамтамасыз етіңіз. Басып шығарғышты жерге қоспау
ток соғуды, өртті және электромагниттік кедергіге
бейімділікті тудыруы мүмкін.
• Басып шығарғышпен тек HP берген электрлік сымды
пайдаланыңыз. Қуат сымын зақымдауға, кесуге
немесе жөндеуге болмайды. Зақымдалған қуат
сымы өртке немесе ток соғуға себеп болуы мүмкін.
Зақымдалған қуат сымын HP мақұлдаған қуат
сымымен ауыстырыңыз.
• Қуат сымын қабырға розеткасы мен басып шығарғыш
кірісіне мықтап және толық кіргізіңіз. Нашар қосылым
өрт немесе ток соғу қатерін тудыруы мүмкін.
• Қуат сымын ешқашан ылғал қолдармен ұстамаңыз.
Олай істеу ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
• Өнімде белгіленген барлық ескертулер мен
нұсқауларды қадағалаңыз.
HP DesignJet Z2600 PostScript® Printer
HP DesignJet Z5600 PostScript® Printer
Кіріспе ақпарат
Enfocus Software - Customer Support