HP LaserJet Pro M11-M13 - Getting Started Guide

1
Русский ............ 6
Қазақша ........... 1
Windows
1. Windows 7 немесе одан бұрынғы нұсқа үшін бағдарламалық
құралды орнатпас бұрын USB кабелін жалғамаңыз. Орнату
барысында уақыты келгенде кабельді жалғау туралы нұсқау
беріледі. Кабель қосылып қойған болса, орнату кабельді қосуды
ескерткен кезде принтерді қайта іске қосыңыз.
2. «6. Бағдарламалық құралды орнату файлдарын табу немесе
жүктеп алу» бөліміне өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ. Бағдарламалық құралды орнату кезінде Directly
connect this computer using a USB cable (Бұл компьютерді USB
кабелін пайдаланып тікелей қосу) параметрін таңдаңыз.
Mac
1. Бағдарламалық құралды орнатпас бұрын компьютер мен
принтерді USB кабелі арқылы жалғаңыз.
2. «6. Бағдарламалық құралды орнату файлдарын табу немесе
жүктеп алу» бөліміне өтіңіз.
Сымсыз орнатуды орындау (тек M12w
сымсыз үлгілері)
Орнатуды бастау алдында сымсыз кіру нүктесі дұрыс жұмыс істейтінін
тексеріңіз. Принтер, маршрутизатор және компьютер іске қосылып
тұрғанын және компьютер принтер қосылатын сымсыз желіге
қосылғанын тексеріңіз.
Егер принтердің бетінде тұрақты көк түс жанбаса, Process A (A процесі)
бөлімін орындаңыз.
Егер принтердің бетінде тұрақты көк түс жанбаса, Process B (B процесі)
бөлімін орындаңыз.
Process A (A процесі)
1. Ықшам дискіні CD-ROM жетегіне салып Install (Орнату) түймесін
басыңыз. Printer connections (Принтер байланыстары) диалог
терезесі ашылса, Congure to print over the Wireless Network
(Сымсыз желі арқылы басып шығаруды конфигурациялау)
опциясын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Process B (B процесі)
1. Ықшам дискіні CD-ROM жетегіне салып Install (Орнату) түймесін
басыңыз. Printer connections (Принтер байланыстары) диалог
терезесі ашылса, Connect to a congured Wireless Network printer
(Реттелген сымсыз желілік принтерге қосу) опциясын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Бағдарламалық құрал анықтаған принтерді таңдаңыз.
Егерорнату құралы принтерді анықтамаса, орнатуды
жалғастыру үшін принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ. Принтердің IP мекенжайын табу үшін конфигурация
бетін басып шығарыңыз. Принтердің басқару панелінде
Cancel
(Бас тарту) түймесін 5 секунд басып тұрып, конфигурация
бетін басып шығару үшін Cancel
(Бас тарту) түймесін босатыңыз.
IP мекенжайы Желі ақпараты бөлімінің конфигурация бетінде
тізімделеді.
IP мекенжайын қолмен конфигурациялау
IP мекенжайын қолмен конфигурациялау әдісі ақпаратын пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз (www.hp.com/support/ljm11-m13).
2
МАҢЫЗДЫ!
Алдымен, принтер
жабдығын орнату
постерінде
1-ден 3-ке
дейін қадамдарды
орындаңыз, одан кейін
4-қадамға өтіңіз.
www.hp.com/support/ljm11-m13 www.register.hp.com
LaserJet Pro M11-M13
сериясын пайдалануға
дайындық нұсқаулығы
Өнім мен компьютер арасындағы
тікелей USB қосылымы
A-B түріне жататын USB кабелін пайдаланыңыз.
4.
Басқару панелін орнату
Принтердің басқару панелінде бағдарламалық құралды орнатуды бастау алдында
жарық диоды күйін тексеріңіз.
5. Байланыс әдісін таңдау

Summary of content (12 pages)