HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide

Жабдықтарға, керек-жарақтарға және бөлшектерге тапсырыс
беру
Тапсырыс беру
Жабдықтар мен қағазға тапсырыс беру www.hp.com/go/suresupply
Шынайы HP бөлшектеріне немесе керек-жарақтарына
тапсырыс беру
www.hp.com/buy/parts
Қызмет көрсету орталығы немесе қолдау көрсетуші
провайдерлер арқылы тапсырыс беру
HP өкілетті қызмет көрсету орталығымен немесе қолдау
көрсетуші провайдермен хабарласыңыз.
HP енгізілген веб-серверін (EWS) пайдалану реті Өту үшін компьютерде қолдау көрсетілетін веб-браузердегі
мекенжай/URL жолына принтердің IP мекенжайын немесе хост
атауын енгізіңіз. EWS құрамында HP SureSupply веб-сайтына
сілтеме бар, ол түпнұсқа HP жабдықтарын сатып алу
опцияларын береді.
Жабдықтар мен қосымша керек-жарақтар
Нөмірі Сипаттама Картридж нөмірі Бөлшек нөмірі
Жабдықтар
HP 79A Black Original LaserJet тонер
картриджі
M25–M27 модельдеріне арналған қара тонер
картриджін ауыстыру
79A CF279A
Тұтынушының өзі жөндейтін бөлшектер
Жөндеу уақытын азайту үшін HP LaserJet принтерлерінің көбінде тұтынушылар өзі жөндейтін (CSR)
бөлшектер бар. CSR бағдарламасы мен артықшылықтары туралы қосымша ақпаратты www.hp.com/go/
csr-support және www.hp.com/go/csr-faq сайттарынан алуға болады.
Шынайы HP алмастырмалы бөлшектеріне www.hp.com/buy/parts сайтынан немесе өкілетті HP қызметіне
немесе қолдау көрсету провайдеріне хабарласып тапсырыс беруге болады. Тапсырыс берген кезде
мыналардың біреуі қажет болады: бөлшек нөмірі, сериялық нөмір (принтердің артында бар), өнім нөмірі
немесе принтер атауы.
Міндетті ауыстыру деп көрсетілген бөлшектерді HP мамандарының ақылы қызметін пайдаланбайтын
болса, тұтынушылар өздері орнату керек. Бұл бөлшектер үшін HP өнімінің кепілдігі шеңберінде
пайдалану орнында немесе қоймаға қайтарып жөндеу қызметі көрсетілмейді.
Қосымша өз бетінше ауыстырылатын деп көрсетілген бөлшектерді тапсырыс бойынша кепілдік
мерзімінде қосымша ақысыз HP қызмет көрсету мамандары орната алады.
20 3-тарау Жабдықтар, қосалқы құралдар мен бөлшектер KKWW