HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide
Тонер картриджін ауыстыру
●
Кіріспе
●
Тонер картриджі туралы ақпарат
●
Тонер картридждерін алу және ауыстыру
Кіріспе
Төмендегі ақпаратта принтердің тонер картридждері туралы мәліметтер берілген және оны ауыстыру
туралы нұсқаулар қамтылған
.
Тонер картриджі туралы ақпарат
Бұл принтер тонер картриджі деңгейінің төмендегенін және қатты төмендегенін көрсетеді. Нақты тонер
картриджінің қалған жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы төмен болғанда ауыстырылатын
баспа картриджін қарастырып қойыңыз.
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сәйкес келмейінше, басып шығаруды ағымдағы
картриджбен жалғастыруыңыз. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін принтерден шығарып алып,
картриджді көлденең білігінен әрі-бері жайлап қозғаңыз. Графикалық кескінді картриджді алмастыру
нұсқауларынан қараңыз. Тонер картриджін принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.
Принтердің картридждерін сатып алу немесе картридждің қолжетімділігін тексеру үшін www.hp.com/go/
suresupply сайтындағы HP SureSupply бөліміне өтіңіз. Беттің төменгі жағына өтіп, елдің/аймақтың
дұрыстығын тексеріңіз.
Нөмірі Сипаттама Картридж нөмірі Бөлшек нөмірі
HP 79A Black Original
LaserJet тонер картриджі
M25–M27 модельдеріне арналған қара тонер
картриджін ауыстыру
79A CF279A
ЕСКЕРТПЕ: жоғары өнімділікті тонер картридждері бет өнімділігін арттыру үшін бірден аса стандартты
картриджді қамтиды. Толық ақпарат алу үшін www.hp.com/go/learnaboutsupplies бетіне өтіңіз.
Тонер картриджін ауыстырмайынша, оны қаптамасынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тонер картриджін зақымдап алмау үшін, оны жарықта бірнеше минуттан көп ұстамаңыз. Тонер
картриджін принтерден ұзақ уақытқа алып тастау керек болса, жасыл бейнелеу барабанын жабыңыз.
Келесі суретте тонер картриджінің құрамдас бөліктері көрсетілген.
KKWW Тонер картриджін ауыстыру 21










