HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide

Басып шығару тапсырмалары (OS X)
Басып шығару жолы (OS X)
Төмендегі процедурада OS X үшін негізгі басып шығару процесі сипатталады.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Принтерді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді көрсету) немесе Copies & Pages (Көшірмелер және беттер) түймесін басып,
басып шығару параметрлерін реттеу үшін басқа мәзірлерді таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Элементтің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
4. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (OS X)
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік HP принтер драйверін орнатсаңыз ғана қол жетімді. AirPrint мүмкіндігін
пайдаланып жатсаңыз ол қол жетімді болмауы мүмкін.
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Принтерді таңдаңыз.
3. Show Details (Мәліметтерді көрсету) немесе Copies & Pages (Көшірмелер және беттер) түймесін басып,
Manual Duplex (Қолмен дуплекстеу) мәзірін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Элементтің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
4. Manual Duplex (Қолмен дуплекстік басып шығару) жолын, содан кейін байластыру опциясын
таңдаңыз.
5. Басып шығару түймешігін басыңыз.
6. Өнім алдымен құжаттағы барлық беттердің бірінші жағын басып шығарады.
7. Басылып шыққан буманы шығыс себетінен шығарып, басылған жағын төмен қаратып кіріс науасына
салыңыз.
34 4-тарау Басып шығару KKWW